Меню

Страницы

Статья

Кепілді, рентаны, пайдалануды тіркеу

Кепіл - бұл кепіл шартын жасасу кезінде пайда болатын және негізгі міндеттеменің (мысалы, ақша қарызы) орындалуын қамтамасыз ететін ауыртпалық болып табылады.

Қызметтің бастамашысы жеке немесе заңды тұлға немесе олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттары (сенімхаты) бар өкілдер арқылы болуы мүмкін.

Мүлікті пайдалану құқығы бұл мүлікке ауыртпалық түсіреді. Мұндай құқықтарға мыналар жатады:

- жалға алу құқығы;

- өтеусіз пайдалану құқығы (несие шарты).

- сервитут (бөтен жер учаскесін және (немесе) жылжымайтын мүліктің басқа да объектісін шектеулі мақсатта пайдалану құқығы, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аңшылық шаруашылығы және өзге де қажеттер үшін шектеулі мақсатта пайдалану құқығы);

- өмір бойы қарауында ұстау құқығы - бұл рента түрі (шарт негізінде туындайтын, рента алушы өзіне тиесілі жылжымайтын мүлікті рента төлеушінің меншігіне берген кезде, ал соңғысы осы азаматты немесе ол көрсеткен үшінші тұлғаны өмір бойы асырауды жүзеге асыруға міндеттенеді)

Жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығы кемінде бір жыл мерзімге міндетті тіркелуге жатады. Тіркеусіз бұл құқықтар туындаған деп саналмайды.

Тіркеуге тапсырылатын құжаттар тізімі:

- кепіл шарты

- ерлі-зайыптылардың нотариалды келісімі (немесе неке шарты)

- түбіртек

- сенімхат

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Жамбыл облысы бойыншга филиалы Жамбыл аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің бас маман - тіркеушісі Ж. Алмабаев

 

Дата публикации
28 июня 2022
Дата обновления
28 июня 2022
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Интернет БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы