Меню

Страницы

Статья

«Уәкілетті ұйымдарға берілетін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі туралы

Мемлекеттік қызмет - бұл белгілі бір мемлекеттік функцияларды, қызмет алушылардың өтініші бойынша жеке жүзеге асыратын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес жеңілдіктерді қамтамасыз ететін нысандардың бірі.

«Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 04.04.2019 ж. № 49 (бұдан әрі - Қағидалар) қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалы  (бұдан әрі - Филиал) «Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Осы мемлекеттік қызметті алу үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталының  «электрондық лицензиялау» бөліміне (www.elicense.kz) өту қажет. Мемлекеттік қызметтерді алудың маңызды шарты – заңды тұлғаның жарамды электрондық цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) болуы.

«Уәкілетті ұйымдарға берілетін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, лицензия мен оған қосымша 20 жұмыс күні ішінде, қолданыстағы лицензияға қосымша беру және лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеу 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі № 49 Қағидалардың 4-1 қосымшасында және № 49 Қағидалардың 12, 13-тармақтарында айқындалған.

Құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда, қызметті алушыға өтініш берген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетіле алмайтыны туралы ескертіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері бойынша филиал лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді, қайта ресімдейді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды ұсынады. Бұл қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Қызметтің осы түрімен айналысу құқығына лицензия бергені үшін лицензиялық алым 40 айлық есептік көрсеткішті (АЕК), лицензияны қайта ресімдеу үшін алым лицензия берген кездегі ставканың 10 пайызын құрайды.

№ 49 Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері электронды түрде қызметті алушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне Филиал басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.

 Мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету тәртібі туралы толығырақ ақпарат www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімінде, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталында «Бизнес» бөлімінің «Лицензиялау және аккредиттеу» бөлімінде орналасқан. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

 

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының жетекші маман-экономисі Сүгірбеков Жандос Жансеитұлы

 

Дата публикации
09 июня 2022
Дата обновления
14 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Интернет БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы