Меню

Страницы

Статья

«Әскердегі қызмет – әрбір азаматтың қасиетті борышы және міндеті!»

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде азаматтарды әскери қызметке шақыру кезіндегі  проблемалық мәселелер белсенді талқылануда.

Біздің елімізді қорғау әрбір азматтың қасиетті борышы және конституциялық міндет болып табылатынын (Конституцияның 36-бабы) жұртшылыққа жеткіземіз.

Жыл сайын Қазақстан Президенті азаматтардың шақыруын жариялайды.

Оны ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдарға  жүктелген және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға  сәйкес жүзеге асырылады.

Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы  азаматтар шақыруға  жатады (Заңның 31-бабы).

Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша шақыру комиссиясына келуге міндетті.

Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органына жүктеледі (Заңның 30-бабы).

Әскери міндетті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді де ішкі істер органдары жүзеге асырады (Заңның 17-бабы, 3-тармағы).

Бұл ретте, әскери қызметтен жалтару Қылмыстық кодекстің 387-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады, онда 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген.

Баяндалғанды ескере отырып, азаматтарды саналы болуға, ал жұртшылықты жүргізіліп жатқан шақыру науқанына түсіністікпен қарауға шақырамыз.

 

 

Дата публикации
13 июня 2022
Дата обновления
13 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Интернет БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы