Меню

Страницы

Статья

Жұбайым жеткіліктілік шегінен асып түскен зейнетақы жинақтарының бір бөлігінинвестициялық компаниялардың басқаруына бергісі келеді. Оларға сенуге бола ма, жоқ па, күмәнім бар.

2021 жылдың қаңтарынан бастап салымшылар мен алушылар инвестициялық портфельді басқаратын компанияны өз бетінше таңдау арқылы өздерінің зейнетақы жинақтарын инвестициялауға қатыса алады.

Қазір БЖЗҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) белгілеген барлық талаптарға сәйкес келетін, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар (инвестициялық портфельді басқару қызметі) 4 компаниямен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасты. Олар:

  • «Jusan Invest» АҚ
  • «Halyk Global Markets» АҚ
  • «BCC Invest» АҚ
  • «Сентрас Секьюритиз» АҚ

Әрбір ИПБ туралы ақпарат (инвестициялық декларацияны, сондай-ақ,ИПБ комиссиялық сыйақысы туралы мәліметтерді қоса алғанда) enpf.kz сайтындағы«Қызметтер» - «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруға аудару» бөлімінде жарияланған. Басқарушы компаниялардың инвестициялық қызметіне шолумен де enpf.kz сайтында«Көрсеткіштер» - «Инвестициялық қызметке шолу» немесе «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне қысқаша шолу» бөлімдерінде танысуға болады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, ИПБ инвестициялық басқару үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5% аспайды. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ басқару органы бекітеді және ол жылына бір реттен жиі ауыстырылмайды.

Зейнетақы жинақтары Ұлттық банктің басқаруында болған кезеңде салымшы зейнет жасына жеткенге дейін инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет кепілдігі қолданылатынын білген жөн. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен алмастырылады, ол нарықта жұмыс істейтін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігі негізге алына отырып есептеледі.

Дата публикации
18 февраля 2022
Дата обновления
18 февраля 2022
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Интернет БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы