Құрметті тараздықтар! Қала әкімінің бастамасымен барлық бас инспекторлардың есебі тыңдалғанынан хабардарсыздар. Бұл - қордаланған мәселелерді әр аумақтағы халықтың өз аузынан естуге мүмкіндік берді.
Бұған қоса, шаһар басшысының күнделікті шаруашылық мәселелерімен қаланы аралауы нәтижесінде, тұрғындар тарапынан келіп түскен арыз-шағымдарды саралай келе қаланың ТҰРҒЫН-ҮЙ, КОММУНАЛДЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ 3 ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ жасалды. Жоспар ТҮКШ-ның барлық саласын: жолдарды, аулаларды жөндеу, ирригация жүйесі мен лотоктарды қалпына келтіру, су және кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету, көшелерді түнгі жарықтандыру сияқты мәселелерді қамтиды.
Бүгін назарларыңызға Тараз қаласы бойынша 2021-2023 жылдарға арналған жолдарды жөндеу жоспарын ұсынамыз.
Көше, бұрылыс, өткелдерді орташа жөндеу жұмыстарына 230 жоба ұсынылған. Жалпы 3 жылда жөнделетін жолдың ұзындығы 261,8 шақырымды құраса, құны 8 122 699 844 тг.