Құрметті оқушылар! Тараз қаласы әкімдігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай қалалық «Үздік ғылыми ЖОБА» байқауын өткізеді. Байқау тіл білімі және әдебиет бағыттарында ұйымдастырылады. Байқауға 9, 11- сынып оқушылары қатысады.
Байқаудың басты мақсаты ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің шығармаларын зерттей отырып, бүгінгі күнмен сабақтастығын анықтау.
Ғылыми жоба байқауы 2021 жылдың 10-14 мамыр аралығында Тараз қаласы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы базасында өтеді.
Байқауға қатысу туралы өтініш 30 сәуірге дейін asa49@mail.ru электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Ғылыми жоба байқауының жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.