Меню

Страницы

Статья

Бейберекет сауда орындары реттеледі

Бүгінде Таразда жаяу жүргіншілер жолын жауып сауда жасайтындар азаймай тұр. Қала тұрғындары бұның заңсыз екенін әрі шаһар шырайын кетіріп, көркін қашыратынын біле тұра осындай қадамға баруда.
 
Осыған орай бүгін сауда орталықтарының басшыларымен қала әкімі Ержан Жылқыбаев кеңес өткізді. Мақсат - ретсіз орналасқан заңсыз сауда орындарын бір жүйеге келтіру, базарларды модернизациядан өткізу (СЭС, өрт сөндіру және өзге де қызметтердің талаптарына сай болу), халық пен тұтынушыларға жағдай жасау.
 
Таразда заңды тіркелген 61 сауда үйі мен орталықтары жұмыс істейді. Алайда, бейберекет саудамен айналысатын кәсіпкерлер де бар. Мұндай фактілер «Мыңбұлақ» мөлтек ауданындағы «Айрылмас», «Мыңбұлақ», «Гаухар» сауда орталықтары мен тұрғын үйлердің бірінші қабатында орналасқан бизнес нысандарда, «Ысты» және «Салтанат» базарлары аумағында тіркелген. Ол жерлерде санитарлық талаптар, өрт қауіпсіздігі мүлдем сақталмаған. Өрт сөндіру машинасының кіріп шығуына толық жағдай жасалмаған.
Бейберекет сауда әсіресе «Мыңбұлақ» мөлтек ауданында қызып тұр. Олқылықтың орнын толтыру үшін сатушыларды «Айрылмас» сауда орталығындағы бос орындарға көшіру ұсынылды.
 
Тәртіп пен заң баршаға ортақ. Сондықтан Таразды заманауи да көрікті шаһарға айналдыру үшін жаңғырту жұмыстары сан-салада жүргізілу керек. Сауда орындарын оңтайландыру арқылы жабайы сауданы жойып, тұрғындарға заманға сай қызмет көрсету қажет екенін айтылды.
 
Сондай-ақ сауда үйлері мен базар басшыларын “Асарлатып үй салу” жобасы аясында қаладағы көпбалалы және мұқтаж жандарға үй салып беруге атсалысып, көмек қолын созуға шақырылды. Олар бұл ұсынысты қолдайтындарын, сауапты істен шет қалмайтындарын жеткізді.
Дата публикации
22 апреля 2021
Дата обновления
22 апреля 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Интернет БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы