Кәсіпорынныңатауы: «Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жамбыл су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Мекен жайы: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қазыбек би 136, тел: 45-35-37
Кәсіпорынның негізгі қызметі:
Жер асты суларын өндіру және қала тұрғындары мен кәсіпорындарын ауыз сумен қамтамасыз ету, сүзу алаңдарын ағынды кәріз суларын қабылдау және бұру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі, мамандығы қаржы және несие, мамандығы бойынша кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Салық кодексін, Еңбек кодексін, Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Әкімшілік рәсімдері туралы» Заңдарын және және кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді. Сонымен қатар қаржылық-экономикалық қызметін реттейтін мемлекеттік органдардың актілерін, еңбек туралы заңнаманы, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбек қорғау нормалары мен ережесін, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасын.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Тараз қаласы, Төле би даңғылы 57 Б, (1 қабат) «Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, қабылдау бөлімі, тел: 54-82-32
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға, конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурстың өтетін күні: 12 мамыр 2021 жыл.
Конкурстың өтетін орны: Тараз қаласы, Төле би даңғылы 57 Б, (1 қабат) «Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі