Меню

Страницы

Статья

Тараз қаласы әкімінің 2021 жылдың 1-12ақпан аралығында қала тұрғындары алдында өткізген есепті кездесулері барысында айтылған ұсыныстардың орындалуы туралы

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы  №190 Жарлығына сәйкес, 2021 жылдың 1-12 ақпан аралығында қала әкімі 2020 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстартуралы тұрғындар алдында онлайн есепті кездесулерін өткізді.

         Қаланың 11 аумақтық округтерінде өткізілгенесепті кездесулерге барлығы 3550 адам қатысты. Есепті кездесулер барысында Тараз қаласының тұрғындары тарапынан 89 ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

         Көтерілген мәселелерді жүзеге асыру мақсатында қала әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы №712 қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітіліп,13 сұрақ бақылауға алынды.

         Бүгінгі күнге 3 мәселе орындалды:

         1) Тұрақты қалалық №27 автобус бағыты бойынша қызмет көрсетуші мекеме «ТаразТрансМоторс» ЖШС-ның басшылығына автобустардың санитарлық тазалығын, карантиндік талаптардың орындалуын қамтамасыз ету тапсырылып, аталған бағыттағы автобустардың тәртіп пен жол жүру ережелерінің сақталуы тұрақты бақылауға алынды.

         2) Әл-Фараби көшесінің бойындағы арық жүйелеріне тазалық жұмыстары жүргізіліп, арық жүйелері тазартылды.

         3) «Самал» (7) шағынауданындағы «Молочная кухня» дүкенінің маңында орналасқан көпірдің темірлері сырланып, темір көпір бетіне резеңке төсеніш төселінді.

Қалған сұрақтардың орындалуы тұрақты бақылауда.

Мейірхан Аманғали Мейірханұлы

Тараз қаласы әкімі аппаратының

ұйымдастыру-инспекторлық

бөлімшесінің басшысы

Дата публикации
07 апреля 2021
Дата обновления
07 апреля 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Интернет БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы