Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
бойынша әдістемелік
ұсынымдарға
4-қосымша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі
| р/с | Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
| 1 | Бөлім басшысы (E-R-1) | 1. Кәсіпорындарда шығарылған өнім көлеміне мониторинг жүргізу;2. Қазақстан Республикасының индустриалық-инновациялық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл облысының даму картасына жаңа жобаларды енгізу, іске асырылуын бақылау;3.Қаланың жүйе құраушы кәсіпорындарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, тиісті жұмыстар жүргізу. | Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және бөлімнің қаржылық қызметін жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері. |
| 2 | Сектор меңгерушісі (E-R-3) | 1. Жергілікті тауар өндірушілердегі Қазақстандық қамту үлесін ұлғайту;2. Қаланың жүйе құраушы кәсіпорындарымен тығыз қарым-қатынасорнатып, тиісті жұмыстар жүргізу;3. Өнеркәсіп өндірісінің көлемінің негізгі көрсеткіштері бойынша нақты excel форматта тұрақты түрде басшыға мәлімет ұсыну;4. Әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары негізінде Тараз қаласыбойынша бөлшек және көтерме сауда көрсеткіштерінің орындалуынқамтамасыз ету. | Сауда орындарын белгілеу және бекіту барысында таңдамалы немесе жеке мүддеге сай шешім қабылдау;Бақылау және тексеру кезінде кәсіпкерлерге артықшылық беру немесе ресми емес келісімдер арқылы пара алу;Қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, есеп беру және іс-шараларды өткізуде жалған ақпарат ұсыну. |
| 3 | Бас маман (E-R-4) | 1.Дүңгіршектер мен бей-берекет сауда орындарын ретке келтіру бағытында қажетті жұмыстар ұйымдастырып, қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлерімен күнделікті түсіндіру жұмыстарына қатысып, бейне таспаға суреттерді түсіреді. 2.Кәсіпкерлік нысандарының қала көркіне сай болуын қамтамасыз ету;3.Аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;4.Қала аумағындағы стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарына конкурс өткізуді қамтамасыз ету. | Саудагерлерден рұқсат алу үшін заңсыз ақшалай талап қою;Сауда орнын заңсыз бекіту немесе кейбір кәсіпкерлерге «артықшылық» беру;Кәсіпкерлерден «мәселені шешу үшін» пара талап ету. |
| 4 | Бас маман (E-R-4 №) | 1.Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;2.Туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың атқарушы органына береді;3. Мемлекеттік сатып алу мониторингымен жұмыс жүргізіп, уақытылы және сапалы жауап беру; | Қызмет көрсетуде артықшылық көрсету; Құжаттарды қолдан жасау;Шындыққа сай емес құжаттарды қабылдау. |
| 5 | Бас маман (E-R-4 №) | 1.Өнеркәсіп өндірісінің көлемінің негізгі көрсеткіштері бойынша нақты excel форматта тұрақты түрде басшыға мәлімет ұсыну. 2.Тараз қаласында орналасқан барлық кәсіпорындардан ай сайын негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі бойынша есептерді қабылдау, талдау жасап, мониторинг жүргізу;3.Инвестиция тарту бойынша индикаторларға қол жеткізу мақсатында мемлекеттік іс–шараларды пайдаланып жұмыстар жүргізіп, орындалуын бақылауда ұстау;4.Жергілікті тауар өндірушілердегі Қазақстандық қамту үлесін ұлғайту. | Өнім көлемі туралы жалған немесе бұрмаланған есепті қабылдау;Рейдтер мен тексерулерді өткізбей, формалды есеп жасау;Белгілі кәсіпорындарға «ерекше қатынас» көрсету арқылы бәсекелестікті бұзу. |