Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
бойынша әдістемелік
ұсынымдарға
4-қосымша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі
| р/с | Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
| 1 | Бас маман (E-R-4) | Мемлекеттік қызмет көрсету | 14 14.08.2024 жылғы №45-ж/қ бұйрықпен Тараз қаласының прокуратурасының 07.08.2024 жылғы №2-07-07-24-04853 хаты негізінде Заң бұзушылыққа жол берген өзінің функционалдық міндетін тиісінше орындамаған үшін, бөлімінің бас маманы Нышанәлі Болатұлы Телеуовке Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарылығымен бекітілген «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза берілді. Алайда, Бөлім қызмет алушыларға қатысты мән-жайларды анықтамай, Д.Мицельге, Е.Әмірбекке тракторшы-машинист куәлігін заңсыз берген. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Талдау орталығы 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап мәліметтер базасына қол жеткізуге рұқсат берген. Осыған байланысты, аталған мерзімге дейін бөлім қызметкерлерінің база арқылы құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді қарап тексеру мүмкіндігі болмаған. Соның салдарынан, жүргізуші куәлігінен айырылған тұлғаға машинист-тракторист куәлігі берілген. |