Тараз қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастарды әлеуметтік қорғауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, қаланың әлеуметтік экономикалық өміріне жастарды белсенді тарту, жастардың қоғамдық бірлестіктерімен байланысын жүзеге асыру мақсатында 2023 жылы Тараз қалалық жастар ресурстық орталығы 11 бағыт бойынша 458 іс-шара (89-мәдени, 80-рухани,67-құқықтық, 24-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, 43-психологиялық танымдық, 15-мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру алаңы, 18-әскери-патриоттық, 35-діни, 31-этносаралық-келісім бағытында, 18-экологиялық сенбілік, 38-спорттық) ұйымдастырылып, 21 691 адам қамтылды.
Оның ішінде жастар мен жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Аталған жұмыс жоспары бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда 24 іс-шара (11-кездесу, 1-байқау, 5-cеминар, 4-дөңгелек үстел, 3-акция) ұйымдастырылып, 1500-ге жуық адам қамтылды.
Атап айтсақ, «Әділдік адамгершіліктің айнасы» атты кездесу, «Әділдік, парасаттылық, адалдық» атты кездесу, «Заң баршаға ортақ» атты тәрбие сағаты, «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» атты сауалнама, «Заң Ортақ» атты тәрбие сағаты, «STOP! Жемқорлық» атты сурет байқауы, «Адал еңбек аздырмас» атты эссе байқауы және т.б. іс-шаралар өткізілді.
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру» атты жобаға қалалық бюджеттен 1 000 000 теңге (үнемделген қаражат есебінен) бөлініп мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланған. Конкурстың нәтижесі бойынша «Нығмет Нұры» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанып, жоспар бекітілді. Техникалық сипаттамаға сәйкес жалпы саны 33 іс-шара (8-кездесу, 15-семинар, 1-постерлер байқауы, 8-қоғамдық қабылдау, 1-бейнеролик әзірлеу) ұйымдастыру жоспарланған.
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру» атты жобаға қалалық бюджеттен 1 000 000 теңге (үнемделген қаражат есебінен) бөлініп мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланған. Конкурстың нәтижесі бойынша «Нығмет Нұры» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанып, жоспар бекітілді. Техникалық сипаттамаға сәйкес жалпы саны 38 іс-шара (8-кездесу, 15-семинар, 1-постерлер байқауы, 5-конференция, 8-қоғамдық қабылдау, 1-бейнеролик әзірлеу) ұйымдастыру жоспарланған.
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жарқын болашаққа-парасатты қадам!» атты постер байқауы әлеуметтік желі парақшаларында жарияланды. Фишбол форматында «Жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыруда отбасының ролі» тақырыбында 2 кездесу және азаматтарды жеке мәселелері бойынша 3 қоғамдық қабылдау өткізілді. Сондай-ақ 200 дана таратпа материалдар таратылды.
Сондай-ақ, жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 1 бейнеролик әзірленіп жариялануға ұсынылды.