Неке қию-адам өміріндегі ең маңызды және есте қаларлық кезеңдердің бірі. Үйлену тойына дайындалумен қатар, болашақ жұбайларда некенің тіркелуін қалай дұрыс ресімдеу, қандай құжаттарды дайындау, қайда жүгіну және қандай нәтиже болатыны туралы сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарға жауаптар осы макалада жинақталған.
Онлайн кызмет алу үшін қайда жүгіну қажет?
1)eGov.kz порталы –Некені тіркеуге электрондық өтініш беру
Қызметті онлайн алу
Некені тіркеуге өтініш берушіге:
Некені тіркеуді растаушыға:
Талап етілетін құжаттар
ЭЦҚ болуы және порталда тіркелу;
Құжаттар талап етілмейді.
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекске сәйкес неке – бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туындататын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тараптардың еркін және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ
Сонымен қатар, егер жұп алғаш рет некеге отырса және оларда балалары жоқ болса, онда олар электрондық үкімет порталының онлайн-қызметінің көмегімен некені тіркеуге электрондық өтініш жібере алады. Ол үшін өтініш берушілердің екеуінде де ЭЦҚ болуы және оларды eGov.kz порталында тіркеу қажет. Бұл әдіс, мысалы, болашақ ерлі-зайыптылар бір қалада болмаса немесе басқа себеппен бірге АХАТ (АХАЖ)-ға келе алмайтын жағдайда ыңғайлы.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы
бойынша филиалының Бірыңғай байланыс орталығының маманы Абдылдаев Руслан