2025 жылы «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» «Тараз қаласы әкімі аппараты» КММ тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы
ЕСЕП
Тараз қаласы әкімі аппараты «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде 2 мемлекеттік қызмет түрін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2020 жылғы 05 қарашасындагы №605 бұйрығына сәйкес «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» қызметтерді көрсетеді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 586, бас тартылғаны 151 құрады, барлық көрсетілген қызметтер электронды түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша мерзімдері бұзылмаған.
Жергілікті тұрғындар назарына және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілді:
- Әлеуметтік желіге «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметтің көрсету тәртібіне бейне нұсқаулық, түсіндірме бейнероликтері салынды.
- «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша әскерге шақыру комиссия мүшелеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң ережелерін, сондай-ақ осы саланы реттейтін өзге де нормативтік құқықтық құжаттарды түсіндіру мақсатында 2025 жылдың 10 сәуір күні жиын өткізілді.
- 2025 жылдың 15-17 сәуір күндері қалалық шақыру комиссиясының төрайымы Ұ.Сламбекова және қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысы Е.Утебаев қала аумағына жаңадан қосылған елді мекендердің тұрғындарымен әскерге шақыру әскерге барудың тиімділігі туралы кездесулер өткізді.
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен және Тараз қаласы әкімімен бекітілген «Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету іс-шаралар жоспарына» сәйкес 2025 жылдың 23 қыркүйек күні «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметтері бойынша онлайн жәрмеңке ұйымдастырылып, қала тұрғындарына әскерге шақыру науқанының барысы, сонымен қатар «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметтерін алу жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.