Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 5 (бес) мемлекеттік қызметті жүзеге асырады, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің төмендегідей түрлерінің қағидаға сай орындалуын қамтамасыз етеді, атап айтқанда:

«Тұрғын үй сертификаттарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №187 бұйрығының тәртібіне сай, «Жамбыл облысы тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 5 қазандағы №7-5  шешіміне сай тұрғын үй сертификатын алушылар тізбегін айқындау жұмыстарын жүзеге асыру.          

Қазіргі таңда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды («https://kezekte.kz/»AMANAT) ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.2025 жылдың қорытындысы бойынша 417 азаматқа қызмет көрсетілді. (бөлінген қаражат жалпы құны 497 306 790 теңгені құрайды).Соның ішінде, толық емес отбасы-138, көп балалы отбасы-146, мүгедек бала асыраушы -59, 1-2 топтағы мүгедектер -65, жетімдер-9.

           Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, «Отбасы банк» АҚ бірлесе отырып әртүрлі бағдарламаға қатысушылардың ішіндегі бекітілген санатқа жататын азаматтарға тұрғын үй сертификатын алу мүкіндіктері жөнінде тұрақы кеңес беру жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы тұрғын үй сертификатын берудің жариялылыға аясында, Бөлімде ережелері мен өтініш үлгілері көрнекті түрде ілулі тұр және шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылған.Бөлімнің «taraz_turgyn_ui» инстаграм/фейсбук парақшасында KEZEKTE.KZ электронды жүйесінде AMANAT тетікшесі арқылы тұрғын үй сертификаттарына өтінім беру/тоқтату жұмыстары туралы хабарланып отырады.

          Сондай-ақ, «Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидалары» «дене шынықтыру және  спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 65-5) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 20 сәуірдегі №97 бұйрығымен (бұдан әрі – Қағидалар) тәртібі айқындалады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану» мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілмеді.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының жариялылыға аясында Бөлімде ережелері мен өтініш үлгілері көрнекті түрде ілулі тұр және шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылған.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және мемлекеттік қызметерді ұсыну бойынша мерзiмдерi бұзылмаған.

 «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру, Аталған қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 қаулысын негізге ала отырып жүргізіледі.

Көрсетілген талапқа сай, қызмет түрі толықтай «Е-қазына»жүйесі арқылы электрондық түрде орындалады. тарапына жатады. Ол үшін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілеген тұрғын үй жалдау шартта, кәмелет жасқа толмаған отбасын мүшесін қоспағанда, азаматтардың электрондық қол таңбалары болуы тиіс. Содан кейін «Мемлекеттік тізілім» сайтына кіріп, жеке кабинетте тіркеліп, құпиясөз орнату қажет. Әрі қарай санатты таңдап, бағандарда көрсетілген құжаттарды электронды форматта тіркеу керек. Бағандардың барлығын толтырып, электрондық қолтаңба арқылы өтінішке қол қойылу қажет. Бұл туралы уәкілетті органның, яғни «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» КММ-нің (әрі қарай - Бөлім) қызметкерлерімен тиісті кеңес берілуде.

 2025 жылдың қорытындысы бойынша  жекешеліндіруге өтінім білдіргендер жалпы саны - 243 азамат. Оның ішінде  қанағаттандырылған өтінімдер саны – 234, бас тартылған өтінімдер саны – 9.

Өтеусіз жекешелендіруге (1 және 2 топтағы мүгедектер, еңбек өтілі 20 жыл ІІМ қызметкерлері, Чернобыль, Семей полигонының зардап шеккен азаматтар) өтінім білдіргендер саны – 88.

Қалғаны 146 азамат қалдық құнын төлеу және бөліп төлеу арқылы жекешелендірілді. Жалпы 234 азаматқа қызмет көрсетілді.

Бүгінгі таңда, Бөліммен, мемлекеттік тізілім бойынша халықпен кездесулер мен жиындарда тұрақты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтің  электронды түрде көрсетілу үлесі артуда және мемлекеттік қызметтің орындалу кезеңі уақтылы енгізілуде.

Келесі кезекте,  «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің   16-тармағының  98) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қызмет Е-лицензия электрондық түрде көрсетіледі, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 15 қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар, «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі, Қазақстан Республикасы Индустрия жәнеинфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 8 сәуірдегі

№ 189 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады, 2025 жылы қорытындысы бойынша – 5 қызмет берілді.Бүгінгі күнге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды («Е- лицензиялау») ақпараттық жүйесі қызмет көрсету      жүйесі арқылы беріледі.

2025 жылға, жалпы бөлім тарапынан 671 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

 

Дата публикации
10 марта 2026