«Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі
«Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 15 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Бүгінгі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бөлім 15 мемлекеттік қызметтің ішінен 1 қызмет қағаз түрде, 14 мемлекеттік корпорация және электрондық үкімет веб-портал арқылы көрсетіледі.
Атап айтканда:
2025 жылдың қантар - желтоқсан айларында жалпы 34997 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- бөлім арқылы 1408 (4 %),
- мемлекеттік корпорация арқылы 18009 (51,5%)
- веб-портал арқылы 15580 (44,5 %) қызмет.
12 айдың ішінде мемлекеттік қызметтердің көрсету мерзімдері бұзылмаған және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына келіп түскен арыз-шағымдар жоқ.
Ғимараттың 1 қабатында орналасқан операциялық залында қызмет алушылардың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы үнемі жұмыс істейді, egov.kz сайты қосылған.
Мүгедектігі бар азаматтардың ыңғайына қарай ғимаратта пандус, ескерту белгілері, қоңырау және көтергіш орналастырылған.
Көрсетілетін қызметтердің халыққа қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында бөлім ғимаратының көрнекі жерлерінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары ілінген стендтер орналастырылған.
2021 жылдан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы жүзеге асырылды. Портал мүгедектігі бар азаматтардың ыңғайлылығы мен ұсынылатын қызметтердің және техникалық оңалту құралдарының сапасын жақсарту үшін енгізілген.
Мүгедектігі бар адамдар Жеке оңалту бағдарламасында көрсетілген құрал-жабдықтарын үйден шықпай, электрондық цифрлық қолтаңбасымен https://aleumet.egov.kz/ порталы арқылы тапсырыс беріп, толық таңдау жасау мүмкіндігі берілген. Мемлекет тарапынан әр қызметтің кепілдендірілген қаражат көлемі бекітілген. Порталда құны мемлекет кепілдік берген сомадан асатын техникалық оңалту құралдарын немесе қызметтерді таңдаған жағдайда, қызмет алушы айырманы өз қаражатынан төлейді.
«Инватакси» қызметтерін ұсыну үшін 2025 жылы қозғалуға қиындығы бар І топ мүгедектерге инватакси қызметтерін «Шапағат» корпоративтік қоры, бөлінген қаражат – 29240,0 мың тг. және І топ, көзі көрмейтін мүгедектерге инватакси қызметін – «Өмір сапасы» корпоратив қоры, бөлінген қаражат – 21 190 850,0 тг, Аутизм диагнозы бар балаларға «Janyna Saya» қоғамдық бірлестігі. №30 келісім шарт- 174750,0 мың тг.барлығы- (11 автокөлік) қызмет көрсетуде.
Іс-шараларға келер болсақ:
«Жамбыл-Тараз» газетінің 2025 жылғы 12 ақпандағы № 11 санында «Тұрғын үй көмегі кімге беріледі» атты мақала жарияланды.
«Жамбыл-Тараз» газетінің 2025 жылдың 04 сәуір күні №26 санында «Мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалуда» мақаласы жарияланды.
19 маусым күні «Жамбыл-Тараз» газетінің №47 санында «Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда» және «Әлеуметтік көмек көрсетуде алалау жоқ» атты мақалалар жарияланды.
11 қазан күні № 36 орта мектепте Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында атаулы және мерек күндеріне берілетін әлеуметтік көмектер, санаторий-курорттық емделу, қалалық қоғамдық көлікте жол жүруге өтемақы т. б әлеуметтік көмектер мен төлемдер туралы түсіндірілді.
4 қараша күні мемлекеттік қызметтер туралы Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізілді.
18 қараша күні Жамбыл Радиосының «Айтарым бар» арнайы радио бағдарламасында мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша тікелей эфирде сұхбат берілді.
25 қараша күні Тараз қаласы әкімдігінің және Бөлімнің әлеуметтік желідегі парақшаларында тұрғын үйді газдандыру бойынша хабарландыру жарияланды.
26 қараша күні мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде «онлайн жәрмеңке» өтті.
27 қараша күні «Шөлдала» шағын ауданының тұрғындарымен тұрғын үйді газдандыру бойынша кездесу өткізілді.
10 желтоқсан күні «Жамбыл-Тараз» газетінің №97 санында «Тұрғын үй көмегіне өтініш беру онлайн қолжетімді» атты мақала жарияланды.
23 желтоқсанда Тараз қаласы әкімдігі медиа орталығында «Ашық сұхбат» алаңында «Мүгедектігі бар адамдарға арналған инватакси қызметі» тақырыбында тікелей эфир өтті.