Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қазіргі таңда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аталған ауқымдағы қызметтердің сапалы көрсетілуі тұрғындардың атқарушы органдарға деген сенімінің нығая түсуіне жол ашады. Мемлекеттік саясаттағы басым бағыттардың бірі - мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы болып табылады. Мемлекет алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі – жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге барлық халықтың бірдей қол жеткізуі. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.
Мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа көшіріліп, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы «Бір терезе» қағидасы бойынша және «Е – лицензия», «E-Jambyl» порталы арқылы көрсетіледі.
«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілуде:
Жалпы Бөліммен 2025 жылдың басынан бастап 6011 өтініштің барлығы электронды түрде, 4 өтініш қағаз түрінде көрсетілген, бас тартылғаны 189.
Жергілікті тұрғындарды жер қатынастары саласында көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер туралы хабарландыру мақсатында Бөлімнің «Facebook» және «Instagram» парақшаларына, жергілікті БАҚ құралдарына 633 жарияланым салынған, жұмыстар ары қарай жалғасуда.
Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері толығымен цифрландырылған және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпаратты стенд орналастырылған (қағидалар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.).
Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидалары, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты Тараз қаласы әкімінің ресми сайтында, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің парақшасындағы «мемлекеттiк қызметтер» тарауында орналастырылған.
Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ.
Жергілікті тұрғындардың назарына және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында келесі іс-шаралар үнемі жүргізілуде, олар: жергілікті «Жамбыл Тараз» газетіне «Жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге» қатысты бір қатар мақалалар және көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесінің басшысының қатысуымен жұмыс кеңестері өткізілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша депаратаментінің мамандарымен және қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімі, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Тараз қаласы бойынша жер кадастры филиалы мамандарымен бірлесіп дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер бойынша хабарландырулар, Бөлімнің «Facebook» және «Instagram» парақшаларына үнемі жариялануда.
Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметті мониторингілеу бөлімшесінің, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің, Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қалақұрылысы бөлімдерінің қызметкерлері басқа өңірлермен мемлекеттік қызмет көрсету шараларын жетілдіру, зерделеу, тәжірибе алмасу мақсатында Алматы қаласы жер қатынастары басқармасында, қалалық жоспаралау және урбанистика басқармасында және қала құрылысын бақылау басқармаларында жұмыс сапарымен барып қайтты.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жыл сайынғы «23-маусым мемлекеттік қызметшілер күніне» орай ұйымдастырылатын «Республикалық деңгейдегі «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы бойынша Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі «Сервистік қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша қатысып, жүлделі 1 орынды иеленді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбы облысы бойынша департаментінің жоспарына сәйкес, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты маманы Жамбыл радиосының «Айтарым бар» арнайы радио бағдарламасына ағымдағы жылдың 9 маусым күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша сұхбат берді.
Тараз қаласы әкімімен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес Тараз қаласының медиа орталығында «Онлайн жәрмеңке» ұйымдастырылды. Аталған іс-шара шеңберінде Тараз қаласы әкімдігінің жер және саулет және қалақұрылысы салаларындағы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізіліп, жауапты мамандармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша толық ақпарат берілді.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Р.В.Склярмен бекітілген 2025-2026 жылдарға арналған «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін дамыту бойынша жол картасынындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және іске қосу тармақтарын орындау мақсатында жер қатынастары саласындағы бірқатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін арқылы жүргізіле бастады.
Алдағы уақыттарда да Тараз қаласының жер қатынастары саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер заңнама талаптарын сай көрсетілетін болады.