Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының
2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша
қысқаша есебі
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
47 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Оның ішінде:
2025 жылдың 12 айында қала бойынша ЖАО 61 629 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 9 978 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2025 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.
Есепті кезеңде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес 4 ішкі бақылау іс-шараларын өткізді.
Іс шаралар қорытындысы бойынша 2 159 бұзушылық анықталды:
Ішкі бақылау нәтижелері бойынша 19 ұсыным әзірленіп толығымен орындалды. Сондай-ақ 1 мемлекеттік қызметкерге «сөгіс», 2 жауапты тұлғаға «ескерту» түріндегі тәртіптік сипаттағы шара қолданды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу мақсатында Тараз қаласының әкімімен бекітілген «Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары», «Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2025 жылға арналған БАҚ-на жариялау кестесі», «Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту,қағидалардың бизнес-процесстерінің сақталуы, «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру, сонымен қатар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының талаптарын түсіндіру бойынша 2025 жылға арналған семинар-кеңестерді ұйымдастыру іс-шараларының жоспары», сонымен қатар Тараз қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасымен және Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, оны жетілдіру және осы бағытта туындайтын басқа да мәселелерді қарау бойынша іс-шаралар жоспары», ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментімен бекітілген «Елге қызмет арнайы телевизиялық бағдарламасының жоспары» және «Айтарым бар» радио бағдарламасының жоспары» Тараз қаласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен негізгі ережелерін насихаттау және ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Тараз қаласы әкімдігіне қарасты бөлімдерге тұрақты түрде түсіндіру, оқыту және практикалық көмек үнемі жүргізіліп отырады.
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында
2019 жылдан бастап қалада 2 сервистік әкімдік «Оpen space» (ашық әкімдік, открытый акимат) форматында жұмыстарын атқарып келеді:
1) Жүнісалиев көшесі №1 - Жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы бөлімдері тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
2) Төле би даңғылы, №57 «Б» - Тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, дене шынықтыру және спорт, ауыл шаруашылығы бөлімдері тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Сервистік әкімдіктердің басты мақсаты – мемлекеттік органдарының тұрғындар үшін қолжетімділігін арттыру және кедергісіз орта қалыптастыру болып табылады. Тұрғындар мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін бір жерде "бір терезе" қағидаты бойынша ала алады, ал органдар басшылары халықпен бірлесіп мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мәселелері бойынша диалогтық алаңдарды ұйымдастыруға мүмкіндіктері бар.
Тараз қаласы аумағында 4 мекенжай бойынша өзіне – өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылған:
2025 жылдың 12 айында ЖАО-ның 14 қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 1 482 түсіндірме іс-шаралар жүргізілді (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.