Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының
2025 жылдың ІV тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
47 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Оның ішінде:
2025 жылдың ІV тоқсанында қала бойынша ЖАО 16 925 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 2 095 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2025 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 257 түсіндірме іс-шаралар жүргізілді (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес ІV тоқсанда Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінде 2025 жылдың 18 - 28 қараша аралығында ішкі бақылау іс - шаралары жүргізілді.