Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының 2025 жылдың ІІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының

2025 жылдың ІІІ тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
47 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 3 қызмет түрі (7 %);
  • электронды түрде – 44 қызмет (93 %).

2025 жылдың ІІІ тоқсанында қала бойынша ЖАО 14 051 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде – 13 771 қызмет (98 %);
  • қағаз түрінде – 280 қызмет (2 %).

Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 2 580 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2025 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 336 түсіндірме іс-шаралар жүргізілді (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер). 

        Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес ІІІ тоқсанда Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінде 2025 жылдың 10-23 қыркүйек аралығында ішкі бақылау іс - шаралары жүргізілді.

Дата публикации
09 октября 2025