Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының
2025 жылдың ІІ тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
49 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Оның ішінде:
2025 жылдың ІІ тоқсанында қала бойынша ЖАО 13 766 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 1 803 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2025 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 434 түсіндірме іс-шаралар жүргізілді (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес ІІ тоқсанда Тараз қаласы әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінде 2025 жылдың 9-20 маусым аралығында ішкі бақылау іс - шаралары жүргізілді.