Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының
2025 жылдың І тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
49 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Оның ішінде:
2025 жылдың І тоқсанында қала бойынша ЖАО 16 887 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 3 500 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2025 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 455 түсіндірме іс-шаралар жүргізілді (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес І тоқсанда Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде 2025 жылдың 28 ақпан – 14 наурыз аралығында ішкі бақылау іс - шаралары жүргізілді.