«Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

      «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне  сәйкес 14  мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Бүгінгі таңда  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне  сәйкес бөлім 14 мемлекеттік қызметтің ішінен 1 қызмет қағаз түрде, 13 мемлекеттік корпорация және электрондық үкімет веб-портал арқылы көрсетіледі.

Атап айтканда:

  1. Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
  2. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
  3. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;
  4. Ақталған адамға куәлік беру;
  5. Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  6. Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  7. Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар -балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  8. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  9. Есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектігі бар құжаттарды ресімдеу;
  10. Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  11. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
  12. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
  13. Тұрғын үй көмегін тағайындау;

          14.Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту.

2024  жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы 31306 қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

- бөлім арқылы 1201 (3,84%),

- мемлекеттік корпорация арқылы 18368 (58,68%)

- веб-портал арқылы 11737 (37,49%) қызмет көрсетілді.

12 айдың ішінде мемлекеттік қызметтердің көрсету мерзімдері бұзылмаған және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына келіп түскен арыз-шағымдар жоқ.

Ғимараттың 1 қабатында орналасқан операциялық залында қызмет алушылардың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы үнемі жұмыс істейді, egov.kz сайты қосылған.

Мүгедектігі бар азаматтардың ыңғайына қарай ғимаратта пандус, ескерту белгілері, қоңырау және көтергіш орналастырылған.

Көрсетілетін қызметтердің халыққа қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында бөлім ғимаратының көрнекі жерлерінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары ілінген стендтер орналастырылған.

2021 жылдан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы жүзеге асырылды. Портал мүгедектігі бар азаматтардың ыңғайлылығы мен ұсынылатын қызметтердің және техникалық оңалту құралдарының сапасын жақсарту үшін енгізілген.

Мүгедектігі бар адамдар  Жеке оңалту бағдарламасында көрсетілген құрал-жабдықтарын үйден шықпай, электрондық цифрлық қолтаңбасымен https://aleumet.egov.kz/ порталы арқылы  тапсырыс беріп, толық  таңдау жасау мүмкіндігі берілген. Мемлекет тарапынан әр қызметтің  кепілдендірілген қаражат көлемі бекітілген. Порталда құны мемлекет кепілдік берген сомадан асатын техникалық оңалту құралдарын немесе қызметтерді таңдаған жағдайда, қызмет алушы айырманы өз қаражатынан төлейді.

«Инватакси» қызметтерін ұсыну үшін 2024 жылы қозғалуға қиындығы бар І топ мүгедектерге инватакси қызметтерін «Шапағат» корпоративтік қоры, бөлінген қаражат – 22453,0 тг. және І топ, көзі көрмейтін мүгедектерге инватакси қызметін – «Өмір сапасы» корпоратив қоры, бөлінген қаражат – 12120,0 тг. (5 автокөлік).

Іс-шараларға келер болсақ:

5 қаңтар күні қалалық ардагерлер кеңісінде жергілікті  өкілетті органдардың шешімі бойынша төлетін әлеуметтік төлемдер туралы семинар -кеңес өткізілді.

 «Жамбыл-Тараз» газетінің 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 8 санында «Пандустарды орнатудың стандарты бекітілді»  атты   мақала жарияланды.    

Сонымен қатар бөлім басшысының «Социальная ответственность государства» атты интервью жарияланды.

«Жамбыл-Тараз» газетінің 13 наурыз күнгі №20 санында «Әлеуметтік көмек кімге көрсетіледі?» мақаласы жарияланды.

 12 наурыз күні «77» телеарнасында «Мүгедектігі бар адамдар жеке көмекшілер қызметін қалай алады?» атты сюжет көрсетілді.

17 сәуірдегі «Жамбыл-Тараз» газетінің №30 санында «Денсаулықты оңалтудың оңтайлы жолы» атты мақала жарияланды.

11 маусымда семинар кеңеске қатысып, мүгедектігі бар адамдардың техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету және мемлекеттік несиелер туралы хабарладым.

«Жамбыл Тараз» газетінің 24 шілдедегі №58 санында «Әлеуметтік порталдың әлеуеті зор» атты мақала және мүгедектігі бар адамдар назарына протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету «Medicfre International» ЖШС-гімен қабылдау жүргізілетіні туралы, «Шамшырақ-Тараз» ҚБ құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында семинар өткізілетін туралы хабарламалар жарияланды.

 9 қыркүйек күні «Қазақстан Тараз» телеарнасының «Елге қызмет» хабарында сұқбат берілді.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар күніне орай  Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында «Спортта барлығы тең» атты қалалық спартакиада өтті. Спартакиадаға 250-ден аса спортшы қатысып, жүзу, жеңіл атлетика, қол күресі, тоғызқұмалақ, шахмат, дартс және бочча спорт түрлері бойынша сайысты.

«Жамбыл-Тараз» газетінің 13 желтоқсандағы № 98-99 санында «Мүгедектерге қолайлы орта қалыптастыру-уақыт талабы» атты мақала жарық көрді.

Дата публикации
11 марта 2025