«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы атқарған қызметі туралы есебі

Бөлім тарапынан 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

          Көрсетілетін қызметтерді атап айтқанда:

- «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы есепті жылдың 15 тамызынан бастап 30 қыркүйегі аралығында құжаттар қабылданады.

2024 жылыдың қорытындысы бойынша 6 өтініш түсіп, барлығы қанағаттандырылды. Жылыту маусымының дайындық паспорттары берілген мекемелер, олар: «София», «ТаразТрансЭнерго» (1), «Жамбыл Жылу» кәсіпорындары, №4 балалар спорт мектебі, «Тараз-Арена» спорт кешеніне.

- «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы бойынша 2024 жылы аталған қызмет бойынша 1 өтініш түсіп құжаттар топтамасының толық болмауына байланысты бас тартылды.

- «Ауданаралық, ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы аясыында Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы №5182-29 шешімі бекітілген.

«Е-билеттендіру» жүйесі арқылы алынатын нақты мәліметтерді негізге ала отырып, Әдістемеге сәйкес шығын көлеміне ай сайын есептемелер жасалуда. Аталған залалдар «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі №476 Заңының 14-бабы, 3-тармағы, 5)-тармақшасына сәйкес  субсидиялауға жатады.

Қызметті көрсету аясында 2024 жылы 432 өтініш түсіп, барлығы қанағаттандырылды.  

- «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы бойынша бүгінгі күнге өтініштер түскен жоқ.         

- «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы бойынша қызмет көрсету аясында 2024 жылы жалпы 16 өтініш түсіп, барлық өтініштер қанағаттандырылды (3 өтініш жеке тұлға, 13 өтініш заңды тұлға). 

Жарнамаларға төленетін салық мөлшерлері ҚР «Салық кодексінің» 605 бабына сәйкес есептеліп, бүгінде бюджетке келіп түсетін ай сайынғы салық көлемі 5,5 - 6 млн. теңге аралығында.

Бөлім тарапынан көрсетілетін барлық қызметтер тек қана "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Жыл қорытындысы бойынша тоқталатын болсақ 2024 жылы  барлығы 455 өтініш түсіп, 454 өтініш қанағаттандырылды (3 өтініш жеке тұлға, 451 өтініш заңды тұлға), 1 өтінішке бас тартылды. 

Бөліммен «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және қала әкімдігінің мониторинг бөлімшесі тарапынан ішкі байқау жұмыстары тұрақты жүргізіліп, анықталған кемшіліктер қорытындысы бойынша жауапты мамандарға тәртіптік жаза қолданылуда.

Тұрғындарға қол жетiмдi болуын және ақпараттандыру мақсатында, мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыларға қолайлы жағдай, яғни құжаттар толтыру үстелдері мен орындықтар, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталған. Бөлімде сервистік әкімдік жүйесі іске қосылған.

Мемлекеттiк қызмет көрсетуге компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар, көрсетілетін қызметтер бойынша анықтамалық стенд және баннер орнатылған. 

Қала әкімдігінің ресми сайтында көрсетілетін 5 мемлекеттік қызметтін қағидаты қол жетімді.

Instagram, Facebook әлеуметтік парақшаларында қызмет көрсету сапасына және қолжетімділігіне қатысты хабарландырулар жарияланып, кері байланыс тұрақты түрде орнатылған. Сонымен қатар, ағымдағы жылы тұрғындармен сұрақ-жауап тәртібінде онлайн жәрмеңке өткізілді.      

Бүгінде мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ.

 

 

Дата публикации
11 марта 2025