«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізіміне қою және пәтер бөлу» мемлекеттік қызмет түрін Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 Қаулысының талаптарына сай жүзеге асырады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 3236 құрады. Кезектен шығарылған азаматтардың саны 2410.
Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер толығымен kezekte.kz электрондық жүйесі арқылы электронды түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген қағидалары,сондай-ақ мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізіміне тіркелген азаматтар мен кезек ретіне сай пәтер алған азаматтардың тізімі «Zhilfond taraz» арнайы сайтында орналасқан.
Мемлекеттік қызметтің электронды түрде көрсетілу үлесі артуда және мемлекеттік қызметтің орындалу кезеңі kezekte.kz жүйесіне уақтылы енгізілуде.
Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының мемлекеттік қордан тұрғын үй берудің жариялылыға туралы бабына сәйкес Бөлімде кезек тізімі ережелері мен өтініш үлгілері көрнекті түрде ілулі тұр және шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылған.
Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыларға қолайлы жағдай яғни өзіне-өзі қызмет ұсыну бұрышы қажетті құжаттар толтыру үстелдері, интернет жүйесіне қосылған компьютер орындықтармен жабдықталған.
Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қосылған компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар.
Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және мемлекеттік қызметерді ұсыну бойынша мерзiмдерi бұзылмаған.
Сонымен қатар Бөлім «Тұрғын үй сертификатын беру» мемлекеттік қызмет түрін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 бұйрығың тәртібіне сай, «Жамбыл облысы тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 қазандағы №39-4 шешіміне сай тұрғын үй сертификатын алушылар тізбегін айқындау жұмыстарын жүзеге асыру.
2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетiлген мемлекеттiк қызмет саны 305 құрады. Соның ішінде, толық емес отбасы-86, көп балалы отбасы-94, мүгедек бала асыраушы-47, 1,2 топ мүгедектігі бар азаматтар-72, жетім балалар-5 тұрғын үй сертификатын алды.
Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, «Отбасы банк» АҚ бірлесе отырып әртүрлі бағдарламаға қатысушылардың ішіндегі бекітілген санатқа жататын азаматтарға тұрғын үй сертификатын алу мүкіндіктері жөнінде тұрақы кеңес беру жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы тұрғын үй сертификатын берудің жариялылыға аясында Бөлімде ережелері мен өтініш үлгілері көрнекті түрде ілулі тұр және шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылған.
Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және мемлекеттік қызметерді ұсыну бойынша мерзiмдерi бұзылмаған.
Сондай-ақ «Олимпияда, Паралимпияда, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік қызмет түрі«Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң талаптарын сай Сурдлимпияда ойындарының жүлдегерлеріне пәтер беру мәселесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №97 бұйрығының талабына сай мемлекеттік қызмет түрін, бекітілген талаптарға сай іске асырылуда.
2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетiлген мемлекеттiк қызмет саны 2 құрады.Олар:
-Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан қолдау хаттың негізінде мемлекеттік қызмет қағидатына сай XVІІ жазғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасы қатарында пара жүзуден Нұрдәулет Жұмағали Максутұлы күміс жүлдеге ие болуына орай, 05.12.2024 жылы «Ұлы Дала» (15) шағын ауданы №113 үй, №7 екі бөлмелі пәтер жеке меншігіне берілсе,
-2024 жылы 26 шілде-11 тамыз аралығындағы Парижде XXXІІІ жазғы Олимпиада ойындары өтіп, аталған Пралипиада ойындарында Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасы қатарында дзюдодан Елдос Сметов алтын жүлдеге ие болуына орай,05.12.2024 жылы «Ұлы Дала» (15) шағын ауданы №113 үй, №8үш бөлмелі пәтер жеке меншігіне берілді.
Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының жариялылыға аясында Бөлімде ережелері мен өтініш үлгілері көрнекті түрде ілулі тұр және шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылған.
Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және мемлекеттік қызметерді ұсыну бойынша мерзiмдерi бұзылмаған.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қызметі, мемлекеттік қызмет көрсету тарапына жатады. Ол үшін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілеген тұрғын үй жалдау шартта, кәмелет жасқа толмаған отбасын мүшесін қоспағанда, азаматтардың электрондық қол таңбалары болуы тиіс. Содан кейін «Мемлекеттік тізілім» сайтына кіріп, жеке кабинетте тіркеліп, құпиясөз орнату қажет. Әрі қарай санатты таңдап, бағандарда көрсетілген құжаттарды электронды форматта тіркеу керек. Бағандардың барлығын толтырып, электрондық қолтаңба арқылы өтінішке қол қойылу қажет. Бұл туралы уәкілетті органның, яғни «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» КММ-нің (әрі қарай - Бөлім) қызметкерлерімен тиісті кеңес берілуде.
Ал, 2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетiлген мемлекеттiк қызметтің саны 170 өтінімді құрады. Өтеусіз жекешелендіруге (1 және 2 топтағы мүгедектер, еңбек өтілі 20 жыл ІІМ қызметкерлері, Чернобыль, Семей полигонының зардап шеккен азаматтар) өтінім білдіргендер саны – 57. Қалғаны қалдық құнын төлеу және бөліп төлеу арқылы жекешелендірілді.
Бүгінгі таңда, Бөліммен, мемлекеттік тізілім бойынша халықпен кездесулер мен жиындарда тұрақты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтің электронды түрде көрсетілу үлесі артуда және мемлекеттік қызметтің орындалу кезеңі уақтылы енгізілуде. Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және аталған қызмет бойынша өтінімдерді қарастыру мерзiмдерi бұзылмаған.
Келесі кезекте, «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 98) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл қызмет бойынша 2024 жылы 16 қызмет берілді. Қызмет Е-лицензия электрондық түрде көрсетіледі.
Сонымен қатар, «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 105) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2024 жылы осы қызмет бойынша 1 қызмет берілді. Қызмет Е-лицензия электрондық түрде көрсетіледі.