«Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 «Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі»коммуналдық мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
27 наурыздағы №257 бұйрығына сәйкес сәулет және қала құрылысы саласындағы келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

  • «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/ жою»;
  • «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу»;
  • «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау,қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»;
  • «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру».

 2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны  5090 құрады, оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер:

Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер толығымен «E-лицензиялау» АЖ, «Мекенжай тіркелімі» АЖ, «gov.ggk.kz» АЖ, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықтың қол жетімділігі және ақпараттандырылуы мақсатында, мемлекеттік мекемеде көрнекі ақпаратымен стендтер орналастырылды (қағидалар, өтініштердің үлгілері және т.б). Тараз қаласы әкімінің ресми сайытындағы «мемлекеттік қызметтер» тарауында мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары, регламенттері QR-кодымен, шағымдану тәртібі, байланыс ақпараты орналастырылды.

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлік техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша шағымдар жоқ.

 

 

Дата публикации
11 марта 2025