2024 жылы «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» «Тараз қаласы әкімі аппараты» КММ тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ЕСЕП

Тараз қаласы әкімі аппараты «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде 2 мемлекеттік қызмет түрін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2020 жылғы 05 қарашасындагы №605 бұйрығына сәйкес «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» қызметтерді көрсетеді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 394, бас тартылғаны 182 құрады, барлық көрсетілген қызметтер электронды түрде көрсетіледі.

               Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша мерзімдері бұзылмаған.

          Жергілікті тұрғындар назарына және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілді:

  • Әлеуметтік желіге «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметтің көрсету тәртібіне бейне нұсқаулық, түсіндірме бейнероликтері салынды.
  • «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша әскерге шақыру комиссия мүшелеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң ережелерін, сондай-ақ осы саланы реттейтін өзге де нормативтік құқықтық құжаттарды түсіндіру мақсатында 2024 жылдың 18 сәуір күні жиын өткізілді.
  • 2024 жылдың 15 мамыр күні ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жоспарына сәйкес, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Д.Р.Абдукасымов Жамбыл Радиосының «Айтарым бар» арнайы радио бағдарламасына әскери қызметтерге қатысты мемлекеттік қызметті алу барысында туындайтын кейбір түйіткелді мәселелерге түсіндірме берді.
  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен және Тараз қаласы әкімімен бекітілген «Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету іс-шаралар жоспарына» сәйкес  2024 жылдың 19 қыркүйек күні «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметтері бойынша онлайн жәрмеңке ұйымдастырылып, қала тұрғындарына әскерге шақыру науқанының барысы, сонымен қатар «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметтерін алу жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
  • 2024 жылдың 25 қыркүйек күні бекітілген жоспарға сәйкес Тараз қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында Тараз қаласы әкімі аппаратының 2023жылы «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметтері бойынша атқарған жұмыстары туралы мәселе қаралды. Отырысқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілі Ж.Құрбанов, Тараз қалалық қорғаныс істері басқармасының бастығы Е.Утебаев қатысты. Кеңес барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.
  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Қазақстан» республикалық телерадиокорпарация» АҚ Жамбыл облыстық филиалы арасында бекітілген жоспарға сәйкес 2024 жылдың 7 қараша күні «Елге қызмет» Тараз қаласы әкімі аппараты тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы арнайы репортаж түсірілді. Сұхбатта әскери шақырылушылардың тапсыратын құжаттар тізімін, ереже, әдістер мен электрондық бағыт бойынша толығымен түсіндірілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 марта 2025