Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының 2024 жылдың ІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының

2024 жылдың ІІ тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
49 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 5 қызмет түрі (10 %);
  • электронды түрде – 44 қызмет (90 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 11 қызмет.

2024 жылдың І тоқсанында қала бойынша ЖАО 15 889 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде – 6 875 қызмет (43,2 %);
  • қағаз түрінде – 1 145 қызмет (7,2 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы- 7 869 қызмет (49,5%)

Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 3 615 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2024 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 409 түсіндірме іс-шаралар жүргізілді (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер).        

        Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2024 жылға арналған жоспарына сәйкес І тоқсанда әкімдіктің
1 бөлімінде, атап айтқанда Тараз қаласы жер қатынастары бөлімінде 2024 жылдың 14-27 мамыры аралығында ішкі бақылау іс - шаралары жүргізілді.

Дата публикации
09 июля 2024