Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының
2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша
қысқаша есебі
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
49 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Оның ішінде:
2023 жылдың 12 айында қала бойынша ЖАО 96 321 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 8066 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2023 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.
Есепті кезеңде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес 5 ішкі бақылау іс-шараларын өткізді.
Іс шаралар қорытындысы бойынша 22 бұзушылық анықталды:
Ішкі бақылау нәтижелері бойынша 15 ұсыным әзірленіп толығымен орындалды. Сондай-ақ 1 жауапты тұлғаға «ескерту» түріндегі тәртіптік сипаттағы шара қолданды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу мақсатында Тараз қаласының әкімімен бекітілген «Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары», «Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2023 жылға арналған БАҚ-на жариялау кестесі», «Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту,қағидалардың бизнес-процесстерінің сақталуы, «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру, сонымен қатар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының талаптарын түсіндіру бойынша 2023 жылға арналған семинар-кеңестерді ұйымдастыру іс-шараларының жоспары», сонымен қатар Тараз қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасымен және Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, оны жетілдіру және осы бағытта туындайтын басқа да мәселелерді қарау бойынша іс-шаралар жоспары», ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментімен бекітілген «Елге қызмет арнайы телевизиялық бағдарламасының жоспары» және «Айтарым бар» радио бағдарламасының жоспары» Тараз қаласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен негізгі ережелерін насихаттау және ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Тараз қаласы әкімдігіне қарасты бөлімдерге тұрақты түрде түсіндіру, оқыту және практикалық көмек үнемі жүргізіліп отырады.
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында
2019 жылдан бастап қалада 2 сервистік әкімдік «Оpen space» (ашық әкімдік, открытый акимат) форматында жұмыстарын атқарып келеді:
1) Жүнісалиев көшесі №1 - Жер қатынастары (3 қызмет – «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту», «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту», «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп, не бөліп төлеу арқылы сату»), Сәулет және қала құрылысы (4 қызмет – «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру», «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну», «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу», «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру») бөлімдері.
2) Төле би даңғылы, №57 «Б» - Тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары (5 қызмет – «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау», «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту», «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу», «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру», «Ағаштарды кесуге рұқсат беру»), Дене шынықтыру және спорт (1 қызмет – «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру»), Ауыл шаруашылығы (4 қызмет – «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру», «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру», «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру», «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу») бөлімдері.
Сервистік әкімдіктердің басты мақсаты – мемлекеттік органдарының тұрғындар үшін қолжетімділігін арттыру және кедергісіз орта қалыптастыру болып табылады. Тұрғындар мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін бір жерде "бір терезе" қағидаты бойынша ала алады, ал органдар басшылары халықпен бірлесіп мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мәселелері бойынша диалогтық алаңдарды ұйымдастыруға мүмкіндіктері бар.
Сонымен қатар, қала тұрғындарына электронды мемлекеттік қызметтерді толыққанды алуын қамтамасыз ету мақсатында, 2 «SMART орталығы» қызмет көрсетеді («Астана» (12) шағынауданы №31, «Құмшағал» шағынауданы) Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері қала тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді онлайн режимінде алу жолдарын көрсету жүктелген.
Тараз қаласы аумағында 5 мекенжай бойынша өзіне – өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылған:
2023 жылдың 12 айында ЖАО-ның 8 қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 1 110 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 3 680 000 халық қамтылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.