Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының 2024 жылдың І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының

2024 жылдың І тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
49 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 5 қызмет түрі (10 %);
  • электронды түрде – 44 қызмет (90 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 11 қызмет.

2024 жылдың І тоқсанында қала бойынша ЖАО 16 958 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде – 9 837 қызмет (58 %);
  • қағаз түрінде – 672 қызмет (3,9 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы- 6 449 қызмет (38%)

Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 2 998 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 252 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 600 мыңға жуық халық қамтылды.

        Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2024 жылға арналған жоспарына сәйкес І тоқсанда әкімдіктің
1 бөлімінде, атап айтқанда Тараз қаласы тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде 2024 жылдың 6-20 наурызы аралығында ішкі бақылау іс - шаралары жүргізілді.

2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның
3 қызметкерлері өтті.

Дата публикации
08 апреля 2024