«Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

«Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

         «Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығымен бекітілген "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің м.а. 2014 жылғы 28 қазанындағы №56 бұйрығының Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарына сәйкес спорт саласындағы келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

              "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру".

2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 281 құрады, барлық көрсетілген қызметтер электронды түрде көрсетілді.

Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер толығымен халыққа қызмет көрсету орталығы ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (ХҚКО ЫАЖ) арқылы электронды түрде көрсетіледі.

         Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпаратымен стендтер орналастырылды (стандарттар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.). Тараз қаласы әкімінің  ресми сайтындағы «мемлекеттiк қызметтер» тарауында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттары, регламенттері, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылды.

Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және мемлекеттік қызметерді ұсыну бойынша мерзiмдерi бұзылмаған.

Жергілікті тұрғындардың назарына және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілген:

Әлеуметтік желілерде «Спорт саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» атты бір қатар ақпарат жарияланған, «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді,  Сонымен қатар, көрсетіліп жатқан мемлекеттік стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетілуін және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесінің ұйымдастыруымен Тараз қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде тікелей эфирлер өткізілді.

Дата публикации
05 февраля 2024