«Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

            «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне  сәйкес 15  мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

15 мемлекеттік қызметтің ішінен 1 баламалы түрде, 14 мемлекеттік корпорация және электрондық үкімет веб-портал арқылы көрсетіледі. Атап айтканда:

  1. Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
  2. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
  3. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;
  4. Ақталған адамға куәлік беру;
  5. Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  6. Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  7. Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар -балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  8. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  9. Есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектігі бар құжаттарды ресімдеу;
  10. Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  11. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу:
  12. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
  13. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру;
  14. Тұрғын үй көмегін тағайындау;

            15.Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту.

            2023  жылдың қаңтар-желтоқсан айларында  жалпы  36521 қызмет көрсетілді.

            Оның ішінде:

- бөлім арқылы 2551 (6,48%),

- мемлекеттік корпорация арқылы 19451 (53,55%)

- веб-портал арқылы 14519 (39,97%) қызмет көрсетілді.

12 айдың ішінде мемлекеттік қызметтердің көрсету мерзімдері бұзылмаған және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына келіп түскен арыз-шағымдар жоқ.

Ғимараттың 1 қабатында орналасқан операциялық залында қызметалушылардың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы үнемі жұмыс істейді, egov.kz сайты қосылған.

Мүгедектігі бар азаматтардың ыңғайына қарай ғимаратта пандус, ескерту белгілері, қоңырау және көтергіш орналастырылған.

Көрсетілетін қызметтердің халыққа қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында бөлім ғимаратының көрнекі жерлерінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары ілінген стендтер орналастырылған.

2021 жылдан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы жүзеге асырылды. Портал мүгедектігі бар азаматтардың ыңғайлылығы мен ұсынылатын қызметтердің және техникалық оңалту құралдарының сапасын жақсарту үшін енгізілген.

Мүгедектігі бар адамдар  Жеке оңалту бағдарламасында көрсетілген құрал-жабдықтарын үйден шықпай, электрондық цифрлық қолтаңбасымен https://aleumet.egov.kz/ порталы арқылы  тапсырыс беріп, толық  таңдау жасау мүмкіндігі берілген. Мемлекет тарапынан әр қызметтің  кепілдендірілген қаражат көлемі бекітілген. Порталда құны мемлекет кепілдік берген сомадан асатын техникалық оңалту құралдарын немесе қызметтерді таңдаған жағдайда, қызмет алушы айырманы өз қаражатынан төлейді.

«Инватакси» қызметтерін ұсыну үшін 2023 жылы қозғалуға қиындығы бар І топ мүгедектерге инватакси қызметтерін "Шапағат" корпоративтік қоры, бөлінген қаражат – 11 млн 750 мың тг. және І топ, көзі көрмейтін мүгедектерге инватакси қызметін – «Өмір сапасы» корпоратив қоры, бөлінген қаражат – 8 млн 700 мың тг. (4 автокөлік).

Іс-шараларға келер болсақ: Жыл басынан «Жамбыл-Тараз» газетіне 10 мақала, бөлімнің инстаграм және фейсбук әлеуметтік желілеріне  халыққа арналған 54 ақпарттық материалдар жарияланды. Атап айтсақ.

«Jambyl-Taraz»

.

Мемлекет қолдауынан ешкім тыс қалмайды

№11(1718)

10 ақпан  2023 жыл

 

«Jambyl-Taraz»

 

«Инватакси спешит на помощь»

 

№11(1718)

10 ақпан 2023 жыл

«Jambyl-Taraz»

 

Мемлекеттік көмек қалай тағайындалады

№14(1721)

21 ақпан 2023 жыл

 

«Jambyl-Taraz»

 

Атаулы әлеуметтік көмек қалай тағайындалады

№38 (1745)

17 мамыр 2023 жыл

«Jambyl-Taraz»

 

Санаторий-курорттық емделу жолдары

№43 (1750)

2 маусым 2023 жыл

«Jambyl-Taraz»

 

Еңбек қатынастарын заңдатыру – заман талабы

№44 (1751)

7 маусым 2023 жыл

«Jambyl-Taraz»

 

Жаңа кодекс – әлеуметтік саясатты жүзеге асыратын құжат

№49 (1756)

23 маусым 2023 жыл

«Jambyl-Taraz»

 

Сақтандыру жарнасын кімдер төлейді

№50 (1757)

28 маусым 2023 жыл

«Jambyl-Taraz»

 

Ашықтық сөзбұйдаға салмайды

№54 (1761)

12 шілде 2023 жыл

«Jambyl-Taraz»

 

Тұрғын үй көмегі кімдерге беріледі?

№71(1778)

08 қыркүйек 2023 жыл

 

2-5 қазан аралығында Халықаралық мүгедектіг бар адамдар  күніне орай  «ДОСТАР ОРТАСЫНДА» атты апталық өткізілді. Апталық  аясында қала әкімінің  мүгедектігі бар дарынды балалармен  кездесуі,            қөлөнер шеберлерінің көрмесі, мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық жұмыстарының шеберлік сабақтары, бала кезінен мүгедек У.Ахуджанованың кітабының тұсаукесері, спорттық жарыстар, көне Тараздың көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

  Мерекелік аптаның соңында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, оңалту мекемелеріне, инклюзивті білім беретін мектептерге пресс-турлар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Дата публикации
05 февраля 2024