«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы атқарған қызметі туралы есебі.
Бөлім тарапынан 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бүгінгі күнде мемлекеттік қызметтің электронды түрде көрсетілу үлесі артуда және мемлекеттік қызметтің орындалу кезеңі е-әкімдік жүйесіне уақтылы енгізілуде.
Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыларға қолайлы жағдай, яғни құжаттар толтыру үстелдері орындықтар жабдықталған.
Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар.
Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және мемлекеттік қызметерді ұсыну бойынша мерзiмдерi бұзылмаған.
Көрсетілетін қызметтерді атап айтқанда:
- «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» Тараз қаласы әкімдігінің ТЖКШ ЖК АЖ бөлімімен Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңге әзірлігі паспортын беру мақсатында комиссия құрылып, өтінімдерді қабылдау жұмыстарын жүргізді. Дайындық паспорттары «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №55 бұйрығына сәйкес берілген болатын.
2023 жылы 5 мекемеден электронды түрде өтінім түсіп, 5 мекемеге дайындық паспорты берілді. Дайындық паспорты берілген мекемелер: «Жамбыл-Жылу» МКК-ы, «Таразтрансэнерго» МКК-ы, «София» ЖШС-і, «Тараз-Арена» КМК-ы, «№4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-ы.
Жалпы мемлекеттік қызмет көрсету 2023 жылғы 15 тамыздан 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылды.
- «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты тек «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 2023 жылы аталған қызмет бойынша 1 өтінішке қызмет көрсетіпіп, 3 өтініштің құжаттары стандарттарға сәйкес келмеуіне байланысты құжаттарын қараудан бас тартылды.
- «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты тек "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 2023 жылы заңды тұлғалар тарапынан 433 өтініш қаралған.
«Е-билеттендіру» жүйесі арқылы алынатын нақты мәліметтерді негізге ала отырып, Әдістемеге сәйкес (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы №614 бұйрығымен бекітілген «Тұрақты қалалық жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу Әдістемесі») шығын көлеміне ай сайын есептемелер жасалуда. Аталған залалдар «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі №476 Заңының 14-бабы, 3-тармағы, 5)-тармақшасына сәйкес субсидиялауға жатады.
Тасымалдаушы мекемелердің шығындарын өтеу үшін 2023 жылы 3,100 млрд. теңге субцидия көлемі берілді.
- «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күнге қызмет көрсету бойынша өтініштер түскен жоқ.
- «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша қызмет көрсету тек қана «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 2023 жыл басынан бастап қызмет көрсету бойынша 25 өтініш е-лицензиялау базасына түсіп, 25 рұқсат паспорттары берілді. Оның ішінде: 24-і заңды тұлға және 1-уі жеке тұлға. Жарнамаларға төленетін салық мөлшерлері ҚР «Салық кодексінің» 605 бабына сәйкес есептеледі.