«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

                «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізіміне қою және пәтер бөлу» мемлекеттік қызмет түрін Қазақстан Республикасы  «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 Қаулысының  талаптарына сай жүзеге асырады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 3787 құрады. Оның ішінде: 2088 өтінім – қанағаттандырылған, 1699 өтінім қанағаттандырудан бас тартылған.

Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер толығымен kezekte.kz электрондық жүйесі арқылы электронды түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген қағидалары,сондай-ақ мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізіміне тіркелген азаматтар мен кезек ретіне сай  пәтер алған азаматтардың тізімні «Zhilfond taraz» арнайы сайтында орналасқан.

        Мемлекеттік қызметтің  электронды түрде көрсетілу үлесі артуда және мемлекеттік қызметтің орындалу кезеңі kezekte.kz жүйесіне уақтылы енгізілуде.

       Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының мемлекеттік қордан тұрғын үй берудің жариялылыға туралы бабына сәйкес Бөлімде кезек тізімі ережелері мен өтініш үлгілері көрнекті түрде ілулі тұр және шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылған.

       Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыларға қолайлы жағдай яғни өзіне-өзі қызмет ұсыну бұрышы қажетті құжаттар толтыру үстелдері, интернет жүйесіне қосылған компьютер орындықтармен жабдықталған.

Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қосылған компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және мемлекеттік қызметерді ұсыну бойынша мерзiмдерi бұзылмаған.

Жергілікті тұрғындардың назарына және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілген.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша халықпен кездесулер мен жиындарда тұрақты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде,  2023 жылдың қыркүйек айында «мемлекеттік бағдарламалар аясында пәтер алу» тақырыбында Тараз қаласы  «Медиа орталығында» тікелей эфирде сектор меңгерушісі С. Өтешөв мен қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша сұхбат берді.

Сонымен қатар Бөлім «Тұрғын үй сертификатын беру» мемлекеттік қызмет түрін Қазақстан Республикасы  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 бұйрығың тәртібіне сай, «Жамбыл облысы тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 қазандағы №39-4  шешіміне сай тұрғын үй сертификатын алушылар тізбегін айқындау жұмыстарын жүзеге асыру.

2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетiлген мемлекеттiк қызмет саны 177 құрады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, «Отбасы банк» АҚ бірлесе отырып әртүрлі бағдарламаға қатысушылардың ішіндегі бекітілген санатқа жататын азаматтарға тұрғын үй сертификатын алу мүкіндіктері жөнінде тұрақы кеңес беру жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы тұрғын үй сертификатын берудің жариялылыға аясында Бөлімде ережелері мен өтініш үлгілері көрнекті түрде ілулі тұр және шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылған.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және мемлекеттік қызметерді ұсыну бойынша мерзiмдерi бұзылмаған.

Сондай-ақ «Олимпияда, Паралимпияда, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік қызмет түрі«Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң талаптарын сай Сурдлимпияда ойындарының жүлдегерлеріне пәтер беру мәселесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №97 бұйрығының талабына сай мемлекеттік қызмет түрін, бекітілген талаптарға сай іске асырылуда.

2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетiлген мемлекеттiк қызмет саны 2 құрады.

Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызмет толығымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы электронды түрде көрсетіледі.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының жариялылыға аясында Бөлімде ережелері мен өтініш үлгілері көрнекті түрде ілулі тұр және шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылған.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және мемлекеттік қызметерді ұсыну бойынша мерзiмдерi бұзылмаған.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» қызметі, мемлекеттік қызмет көрсету тарапына жатады. Ол үшін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілеген тұрғын үй жалдау шартта, кәмелет жасқа толмаған отбасын мүшесін қоспағанда, азаматтардың электрондық қол таңбалары болуы тиіс. Содан кейін «Мемлекеттік тізілім» сайтына кіріп, жеке кабинетте тіркеліп, құпия сөз орнату қажет. Әрі қарай санатты таңдап, бағандарда көрсетілген құжаттарды электронды форматта тіркеу керек. Бағандардың барлығын толтырып, электрондық қолтаңба арқылы өтінішке қол қойылу қажет. Бұл туралы уәкілетті органның, яғни «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» КММ-нің (әрі қарай - Бөлім) қызметкерлерімен тиісті кеңес берілуде.

         Ал, 2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетiлген мемлекеттiк қызметтің саны 125 өтінімді құрады.

Бүгінгі таңда, Бөліммен, мемлекеттік тізілім бойынша халықпен кездесулер мен жиындарда тұрақты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтің  электронды түрде көрсетілу үлесі артуда және мемлекеттік қызметтің орындалу кезеңі уақтылы енгізілуде. Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және аталған қызмет бойынша өтінімдерді қарастыру мерзiмдерi бұзылмаған.

«Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша 2023 жылы   қызмет берілмеді.

«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша 2023 жылы 96 қызмет көрсетілді.

Бүгінгі күнге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды («Е- лицензиялау») ақпараттық жүйесі қызмет көрсету жүйесіне арқылы және қағаз жүзінде беріледі,мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және аталған қызмет бойынша өтінімдерді қарастыру мерзiмдерi бұзылмаған.

Цифрлық технологиялар дәуірінде тұрғын үй саласында ең көп сұранысқа ие қызметтерді еgоv.kz порталы арқылы алу мүмкіндік бар, басты талап - электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы.

Дата публикации
05 февраля 2024