«Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер

«Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер

 

Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің «Сервистік әкімдік» кеңсесі арқылы жер қатынастары мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметтер ұсынылады.

Кеңсе «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді, яғни келушілер қажетті қызмет түрін бір жерден ала алады. Жобаның басты мақсаты - азаматтардың мемлекеттік қызметшілерге сенімін арттырып, жемқорлықты болдырмау.

Сонымен қатар, тұрғындардың уақыттарын үнемдеу, мемлекеттік қызмет көрсетуде жайлы жағдай жасау, ашықтық пен жариялылықты, жұмыс сапасының артуы мен тұтынушылардың кедергісіз қызмет алу.

         Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы                 № 301 бұйрығымен бекітілген қағидаларға  сәйкес жер қатынастары саласында  келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

         2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

         3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

        4) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

         5) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

         6) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

         7) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

         8) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

         9) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

         Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айыларында көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 12819 құрады, оның iшiнде 12097 өтініштер  «E gov» және «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы электронды түрде көрсетiлген және 722 қызмет қағаз түрінде көрсетілген.

         Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпаратnы стенд орналастырылыған (қағидалалар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.).

         Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидалары, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты Тараз қаласы әкімінің ресми сайтында, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің парақшасындағы «мемлекеттiк қызметтер» тарауында орналастырылған.

         Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ.

         Жергілікті тұрғындардың назарына және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілген:

         Жергілікті «Жамбыл Тараз» газетіне «Жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» атты бір қатар мақалалар және көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесінің басшысының қатысуымен жұмыс кеңестері өткізілді.

         Сонымен қатар, көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер бойынша хабарланыдрулар, тікелей эфирлер Бөлімнің «Facebook» және «Instagram» парақшаларына үнемі жариялануда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 февраля 2024