Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының
2023 жылдың 12 айында
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
49 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Оның ішінде:
2023 жылдың 12 айында қала бойынша ЖАО 96 321 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 8066 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2023 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 1 110 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 3 680 000 халық қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес І тоқсанында әкімдіктің дене шынықтыру және спорт бөлімінде 2023 жылдың 1-15 наурызы аралығында, ІІ тоқсанда әкімдіктің 2 бөлімінде, атап айтқанда Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында 2023 жылдың 25 сәуір – 11 мамыры аралығында және Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінде 2023 жылдың 22 мамыры –
2 маусымы аралығында , ІІІ тоқсанда әкімдіктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2023 жылдың 3-18 шілдесі аралығында, ІV тоқсанда әкімдіктің ауыл шаруашылығы бөлімінде 2023 жылдың 6-17 қарашасы аралығында ішкі бақылау іс - шаралары жүргізілді.
2023 жылдың 12 айында ЖАО-ның 8 қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.