2023 жылдың ІV тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының

2023 жылдың ІV тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
49 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 5 қызмет түрі (10 %);
  • электронды түрде – 44 қызмет (90 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 11 қызмет.

2023 жылдың ІV тоқсанында қала бойынша ЖАО 13 998 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде – 7 796 қызмет (56 %);
  • қағаз түрінде – 487 қызмет (3 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы- 5 715 қызмет (41%)

Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 2007 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2023 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 239 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 1 100 000 халық қамтылды.   

        Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес ІV тоқсанда әкімдіктің
1 бөлімінде, атап айтқанда Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінде 2023 жылдың 6-17 қарашасы аралығында ішкі бақылау іс - шаралары жүргізілді.

2023 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның
7 қызметкерлері өтті.

 

 

Тараз қаласы әкімі аппаратының

мемлекеттік көрсетілетін қызметті

мониторингілеу бөлімшесі

Дата публикации
08 января 2024