Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылдың ІІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарының

2023 жылдың ІІІ тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
49 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 5 қызмет түрі (10 %);
  • электронды түрде – 44 қызмет (90 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 11 қызмет.

2023 жылдың ІІІ тоқсанында қала бойынша ЖАО 14 186 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде – 7 687 қызмет (54,3 %);
  • қағаз түрінде – 542 қызмет (3,8 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы- 5 957 қызмет (41,9%)

Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 1897 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2023 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 231 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 630 000 халық қамтылды.     

        Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес ІІІ тоқсанда әкімдіктің
1 бөлімінде, атап айтқанда Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2023 жылдың 3-18 шілдесі аралығында ішкі бақылау іс - шаралары жүргізілді.

Дата публикации
05 октября 2023