Тараз қаласы
Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен
2023 жылдың І тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Тараз қаласы әкімі аппаратының АХАТ бөлімшесі, әкім аппараты, жұмыспен қамту орталығы және 7 әкімдік бөлімдерімен 2023 жылдың І тоқсанында мемлекеттік тізілімге сәйкес мемлекеттік қызметтердің 61 түрі бойынша барлығы 35 157 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді түрде бас тартулар саны – 2250. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы және құжаттарды дұрыс толтырмауы.
2023 жыл басынан мерзім бұзу фактілері орын алмады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдар тіркелмеді.
2023 жылдың І тоқсанында көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысандағы ақпаратпен хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында бөлімдермен 235 іс-шара ұйымдастырылып (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 500 000 халық қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес І тоқсанында әкімдіктің
1 бөлімінде, атап айтқанда Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде 2023 жылдың 1-15 наурызы аралығында ішкі бақылау іс - шаралары жүргізілді.