«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы атқарған қызметі туралы есебі.

«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы атқарған қызметі туралы есебі.

 

        Бөлім тарапынан 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бүгінгі күнде мемлекеттік қызметтің электронды түрде көрсетілу үлесі артуда және мемлекеттік қызметтің орындалу кезеңі е-әкімдік жүйесіне уақтылы енгізілуде.

       Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыларға қолайлы жағдай, яғни құжаттар толтыру үстелдері орындықтар жабдықталған.

Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және мемлекеттік қызметерді ұсыну бойынша мерзiмдерi бұзылмаған.

Көрсетілетін қызметтерді атап айтқанда:

- «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» 31 тамыз 2022 жылғы  57 «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алуға өтініштерін қарау жөнінде комиссия құру туралы» Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушысының бұйрығыны сәйкес 2022 жылдың 15 тамызынан бастап 29 қыркуйегіне дейінгі аралықта  "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы түскен өтініштер қаралып, жылу өндіруші  және тасымалдаушы « Жамбыл- Жылу»МКК-ы, «Таразтранэнерго»МКК-ы және «София»ЖШС-не дайындық  паспорттары берілді.

- «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты тек "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 2022 жылы аталған қызмет бойынша 16 өтініш түсіп, 6 өтініштің құжаттары стандарттарға сәйкес келмеуіне байланысты құжаттарын қараудан бас тартылды.

- «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты тек "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Жамбыл облыстық мәслихатының 2020 жылғы 3 сәуірдегі №45-8 шешіміне сәйкес, Тараз қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар қалалық және қала маңындағы жолаушылар қатынастары тізбесіне жалпы саны 42 автобус бағыты енгізілген.

«Е-билеттендіру» жүйесі арқылы алынатын нақты мәліметтерді негізге ала отырып, Әдістемеге сәйкес (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы №614 бұйрығымен бекітілген «Тұрақты қалалық жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу Әдістемесі») шығын көлеміне ай сайын есептемелер жасалуда. Аталған залалдар «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі №476 Заңының 14-бабы, 3-тармағы, 5)-тармақшасына сәйкес  субсидиялауға жатады.

Тасымалдаушы мекемелердің шығындарын өтеу үшін 2022 жылы 1 440 млн. теңге субцидия көлемі берілді.

- «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күнге қызмет көрсету бойынша өтініштер түскен жоқ.     

- «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша қызмет көрсету тек қана "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 2022 жыл басынан бастап қызмет көрсету бойынша 6 өтініш е-лицензиялау базасына түсіп, рұқсат паспорттары берілді. Оның ішінде: 5-і заңды тұлға және 1-уі жеке тұлға. Жарнамаларға төленетін салық мөлшерлері ҚР «Салық кодексінің» 605 бабына сәйкес есептеледі.

 

 

 

 

Дата публикации
30 марта 2023