«Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

«Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі»коммуналдық мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығына сәйкес сәулет және қала құрылысы саласындағы келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

 

 

«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік обьектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру», «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау,қайта жабдықтау)жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын,инженерлік  жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін)реконструкциялауға (қайта жоспарлауға,қайта жабдықтауға) шешім беру».

 

 

2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны  5877 құрады,оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер:

 

 

  • «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік обьектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» – 4779;

 

 

  • «Тіреу және қоршау конструкцияларын,инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды(жекелеген бөліктерін)реконструкциялауға(қайта жоспарлауға,қайта жабдықтауға) шешім беру» – 70;

 

  • «Эскизді(эскиздік жобаны)келісуден өткізу» – 370;

 

  • «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» –

 

 

 

 

 

Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер толығымен «E-лицензиялау», «Мекенжай тіркелімі» АЖ және халыққа қызмет көрсету орталығы ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (ХҚКО ЫАЖ),www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде көрсетіледі.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықтың қол жетімділігі және ақпараттандырылуы мақсатында,мемлекеттік мекемеде көрнекі ақпаратымен стендтер орналастырылды (стандарттар,өтініштердің үлгілері және т.б). Тараз қаласы әкімінің ресми сайытындағы «мемлекеттік қызметтер» тарауында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары,регламенттері,шағымдану тәртібі,байланыс ақпараты орналастырылды.

 

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлік техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 марта 2023