«Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекетттік мекемесінің 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі
2022 жылдың қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендер адам саны – 10 178 азамат, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 9588 азаматқа тағайындалды, бас тартылғандар саны -590.
Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде 14 955 азамат тіркелген.
Жыл басынан жұмыссыз ретінде 7986 азамат тіркелген.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға 9197 азамат жолдама алды.
Оның ішінде: тұрақты жұмысқа -1983, жұмыс берушілердің сұрауы бойынша жұмыссыздарды оқу ұйымдарында оқыту -271, жұмыссыздарды жұмыс берушіде жұмыс орнында оқыту -103 , кәсіпкерлікке оқыту «Бастау бизнес» - 5486, жастар тәжірибесі -326, әлеуметтік жұмыс орны -29, ақылы қоғамдық жұмыс орны -999.
Сондай-ақ enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдыларды онлайн оқытуды жүзеге асыру- 446, мемлекеттік гранттар беру - 439, алғашқы жұмыс орны - 51, ұрпақтар келісімшарты жобасы - 9, зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «күміс жас» жобасы - 51 азамат белсенді шараға тартылды.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында Жергілікті «Жамбыл Тараз» газетіне жыл басынан «Халықты жұмыспен қамту» саласында 17 мақала, «Знамя труда» газетіне «Мемлекет тарапынан қолдау алған кәсіпкерлер өнімінің көрме - жәрмеңкесі» тақырыбында 1 мақала жарияланған, Тараз қаласының жұмыссыз қала тұрғындарына және жастарға, борышкерлерге арналған 10 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, «Тараз 24» телеарнасына -12, «Жамбыл тв» телеарнасына -10, «77 тв» телеарнасына – эфир көрсетілді. Пробация есебінде тұрған азаматтармен 10 «қақпа алдында» әлеуметтік іс-шарасы бойынша кездесу өткізілген, 4 семинар соттылығы бар азаматтармен түсіндіру жұмыстары өткізілгені.
Халықаралық мүмкіндігі шектеулі азаматтар (мүгедектер) күніне орай. Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Ашық есік күні» өткізілді.