Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2022 жылдың 12 айы бойынша қысқаша есебі

Тараз қаласы әкімі аппараты

 Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2022 жылдың

12 айы бойынша қысқаша есебі

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Тараз қаласы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі, әкім аппараты, жұмыспен қамту орталығы және 7 әкімдік бөлімдерімен мемлекеттік қызметтердің 61 түрі көрсетіледі.

2022 жылдың қорытындысы бойынша қалада барлығы 144 755 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • ХҚКО арқылы – 42 269 (29,2 %),
  • Мемлекеттік органда (қағаз түрінде) – 5 045 (3,4 %),
  • «Электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz) арқылы (электронды түрде) – 97 441 (67,4 %) мемлекеттік қызмет.

Электрондық қызметтер саны 2021 жылмен салыстырғанда 20 %
(2021 жыл – 48,3 %) құрады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді түрде бас тартулар саны – 4268. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың  құжаттар топтамасын толық ұсынбауы және құжаттарды дұрыс толтырмауы.

2022 жыл басынан мерзім бұзу фактілері орын алмады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдар тіркелмеді.       

2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысандағы ақпаратпен хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында бөлімдермен
1260 іс-шара ұйымдастырылып (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-да мақалалар жариялау, онлайн жәрменкелер, сұхбаттар, бейнероликтер, әлеуметтік желілердегі ақпараттар) 3 950 000 халық қамтылды.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2022 жылға арналған жоспарына сәйкес 5 бөлімде ішкі бақылау
іс - шаралары жүргізілген.

        

 

Дата публикации
10 января 2023