2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақыларды, бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға бала бір жасқа толған кезде «Балалы отбасылар туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бала бір жасқа толғанға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және бюджеттік субсидиялардан, жоғарыда аталған төлемдер тағайындалған, мемлекеттік органдарда және (немесе) ұйымдарда тиісті ақпараттық жүйелерде бар мәліметтер негізінде бала бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылады.
Мысалы:Азамат А. 30.04.2022 жылдан 30.04.2023 жылға дейін бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы 77 237 теңге тағайындалды.2023 жылдың 1 қаңтарында оған бала күтімі үшін төлем мерзімі 30.04.2022 жылдан 30.10.2023 жылға дейін автоматты түрде ұзартылды, яғни бала күтімі бір жарым жылға дейін ұзартылды.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы мөлшерлері:- бірінші балаға – 19 872 теңге;- екінші балаға – 23 495 теңге;- үшінші балаға – 27 083 теңге;- төртінші және одан да көп балаға – 30 705 теңге.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасының 10%-ын ескере отырып, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері , бұл:- бірінші балаға – 22 080 теңге;- екінші балаға – 26 106 теңге;- үшінші балаға – 30 092 теңге;- төртінші және одан да көп балаға – 34 117 теңге.
Тараз қалалық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің басшысыМ.Үлеков