Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы!

30.01.2023 жылы,  Тараз қаласы «Ақбұлақ» мөлтек ауданы,  31 үй мекен-жайындағы  №36 орта мектебінің ғимаратында орналасқан Тараз қалалық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі №24 округіне азамат Кирилл Александрович Бердецкий келді. Бұл азамат өзінің қалалық мәслихат депутаттығына Қазақстанның Халық Партиясы атынан кандидат ретінде тіркеу өтінішімен жүгінді. 24 округ төрағасы М.Дабылбекова мен хатшысы Ж.Бакирова  үміткердің құжаттарын қарап, қабылдады. Осының негізінде тиісті құзіретті органдарға сұраныс жасалды. Құжаттарды рәсімдеу барысына барысында КТК телеарнасының түсірілім тобы қатысып, журналист Валерия Савельева болашақ үміткерден сұхбат алды. Содан соң, дәлізде 24 округ төрағасы М.Дабылбекова журналистпен сұқпаттасты.

Журналист В.Савельева: Жарна ретінде құйылған қаражат қандай жағдайда қайтарылады деген сұрақ қойды.

ТөрағаМ.Дабылбекова: Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.

Журналист және деупататтыққа болашақ үміткер азамат сайлау комиссиясының жұмысы көңілдерінен шыққаны туралы айтып кетті.

Дата публикации
31 января 2023