«Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қаңтардағы №18/669 қаулысына және Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қаңтардағы №6 қаулысымен бекітілген «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын Тараз қаласында әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының» 1-тармағына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің шекаралары мен округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы хабарлайды