Талдамалық анықтама
Тараз қаласы әкімдігінің бөлімдерінде 2022 жылдың ІІІ тоқсанында негізді түрде қағидаға сәйкес болмауына байланысты 2620 азаматқа мемлекеттік қызметті көрсетуден негізді бас тартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған 2620 қызметтің:
- 2082-і Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бас тартылған, оның ішінде:
- Әлеуметтік төлемдерден – 296 өтінішке, оның ішінде «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі» бойынша 75 отбасына отбасының жиынтық табысы кедейлік шегінен асуына байланысты, толық және анық емес мәліметтер ұсынғаны үшін жәрдемақы тағайындаудан, «Тұрғын үй көмегі» бойынша
221 отбасына отбасының жиынтық табысы күнкөріс деңгейінен асуына жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды;
- «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша 115 өтінішке
(47 - қайталанған өтініш, 68 - құжаттары толық емес) бас тартылды;
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру қызметінде – 11 өтінішке (11 - құжат толық емес) бас тартылды;
- Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жалпы - 9 өтінішке (өтініш қайта қабылданған) бас тартылды;
- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу- 14 өтінішке (мүгедекті қарағаны үшін жәрдемақы алуына байланысты) бас тартылды;
- Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жалпы - 48 өтінішке (47- пайдалану мерзімі өтпеуіне байланысты,
1- қайталанып тапсырылғандығына байланысты) бас тартылған;
- Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жалпы -
33 өтінішке пайдалану мерзімі өтпеуіне байланысты бас тартылған;
- Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жалпы - 51 өтінішке (42 өтінішке - қызмет ету мерзімі өтпеген, 6 өтініш - қайта тапсырылған, 1 өтініш - медициналық көрсеткішке сәйкес емес,
2 өтініш - құжаттары толық емес) бас тартылды.
- Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жалпы
6 өтінішке пайдалану мерзімі өтпеуіне байланысты бас тартылған;
- 1-і Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімімен бас тартылған:
- «2 және 3 разрядтар, 1, 2 және 3 жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегi 2 санатты жаттықтырушысы, біліктілігі жоғары деңгейдегi 2 санатты нұсқаушы – спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі 2 санаттағы әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша:
Б.Даверованың 2022 жылдың 16 қыркүйектегі өтінішіндегі «І ересектер спорттық разряды» санатын Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі
№300 бұйрығымен бекітілген және осы бұйрыққа Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020ж. №104 бұйрығымен өзгерістер енгізілген қағидасының 2 тармағына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан берілуіне байланысты бас тартылды;
352-і Тұрғын үй қатынастары бөлімімен бас тартылған, оның ішінде:
- 351 өтінішке «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бас тартылған, оның ішінде:
- Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет қағидасының 11 тармағына көрсетілген керекті құжаттардың толық болмауына байланысты 96 өтініш иелері мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезек тізіміне тіркеуден қалалық тұрғын үй комиссиясының шешімімен бас тартылды;
- Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет қағидасы және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 67 және 68 бабтарына сай өтініштерінде көрсеткен санатқа жатпайтындықтарынан 187 өтініш иелеріне қалалық тұрғын үй комиссиясының шешімімен бас тартылды;
- Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет қағидасы және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 72 бабына сай аттарында жылжымайтын мүлік (үй) тіркелгендіктен 68 өтініш иелеріне қалалық тұрғын үй комиссиясының шешімімен бас тартылды;
- 1 өтінішке «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысы негізінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешендіруге қалалық тұрғын үй комиссиясының шешімімен бас тартылды.
7-і Сәулет және қала құрылысы бөлімімен бас тартылған, оның ішінде:
- «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» көрсетілетін мемлекеттік қызметі бойынша 6 өтініш иелеріне Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылды;
- «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметі бойынша 1 өтініш иесіне «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы
30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а.
2020 жылғы 31 наурыздағы № 174 бұйрығы. Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына
4-қосымшасындағы 9-тармақ, 5-тармақшасы: Заңның 17-бабында белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулерді) бұзуына сәйкес бас тартылды.
46-ы Тараз қаласы әкімі аппаратымен бас тартылған, оның ішінде:
- «Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметі бойынша 42 өтініш иесіне (10 өтінішке Тараз қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының хаттарына сәйкес әскери есепте тіркелмегендіктен, 8 өтінішке Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу Қағидасының 3-қосымшасына сәйкес білім беру ұйымдарында әскерге шақырылушыға берілетін анықтаманы берілген өтінімге тіркелмегендіктен, 2 өтінішке Қорғаныс істері жөніндегі басқармасынан медициналық тексерістен өтпеуіне байланысты , 8 өтінішке 2-ші рет өтініш берген, 5 өтінішке ҚР 16.02.2012 жылғы №561 ІV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 35 бабына сәйкес
18-ге толмауына, 9 өтінішке Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жауабына сәйкес дәйексіз құжаттарды ұсынған себептен бас тартылды.
- «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметі бойынша 4 өтінішке мемлекеттік қызметті дұрыс таңдамағаны себебінен бас тартылды.
Атқарылған іс-шаралар:
2022 жылдың ІІІ тоқсанында көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысандағы ақпаратпен хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында бөлімдермен
275 іс-шара ұйымдастырылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2022 жылға арналған жоспарына сәйкес ІІІ тоқсанында әкімдіктің
2 бөлімдерінде, атап айтқанда Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінде 2022 жылдың 19 шілдесінен 1 тамыз аралығында және тұрғын үй қатынастары бөлімінде 2022 жылдың 19-30 қыркүйекте ішкі бақылау
іс - шаралары жүргізілді.