Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы
цифрық куәліктерге қатысты
04.07.2022ж. ҚР-ның Заңымен «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске енгізілген өзгерістерге сай азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар электрондық нысанда беріледі, азаматтардың қалауы бойынша қағаз жеткізгіште де берілуі мүмкін. Электрондық нысанда берілген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, анықтамалар құжатты берген тіркеуші орган бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады. Кодекске сәйкес 4 куәлік түрі берілуде туу, неке (ерлі-зайыптылықты) қию, неке (ерлі-зайыптылықты) бұзу, қайтыс болу. АХАТ саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді реттейтін Қағидаларда электрондық үкімет порталы арқылы қызметтердің барлық түрлері бойынша өтініш беру және цифрлық куәлік беру мүмкіндігі көзделген. Цифрлық куәліктер «ЭҮ» порталының жеке кабинетінде және «egov mobile» мобильдік қосымшасында сақталады.
Сондай-ақ, елден тыс жерлерде ҚР-ның шет елдердегі мекемесі куәліктер мен анықтамалар қағаз жеткізгіште берілетінін ескеру қажет.
«Жеке тұлғалар» МДҚ, «АХАЖ ТП» ақпараттық жүйесі ҚР-ның мүдделі МО-ның және ведомстволарының АЖ-мен, оның ішінде Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйесімен, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ҚР Ұлттық Банкінің АЖ-мен интеграцияланғанын қосымша хабарлаймыз, бұл уақыт пен қаржылық шығындарды қысқартады және оларды барынша цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік беретінін хабарлаймыз.
Осыған орай, аумақтық уәкілетті органдарды, ведомстволық бағынысты ұйымдарды, оның ішінде білім беретін және медициналық ұйымдарды, екінші деңгейдегі банктерді, нотариустарды «электрондық үкімет» порталы арқылы берілетін электрондық куәліктерді (анықтамаларды) қабылдау қажеттілігіне бағдарлауды сұраймыз. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жеңілдету және цифрландыру мақсатында, 2019 ж. әкелікті анықтау, асырап алу, неке бұзу (сот шешімі негізінде) алып тасталғандай, жоғарыда көрсетілген Заңмен тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді мемлекеттік тіркеу алып тасталды, сәйкесінше Т.А.Ә өзгерту куәлігі берілмейді. Осылайша, тегі, аты, әкесінінің аты өзгертілген соң енді бір ғана куәлік, қандай мәліметтер өзгертілгеніне байланысты туу туралы немесе неке қию/бұзу туралы куәлік беріледі. Сонымен қатар, қайтыс болу туралы акт жазба медициналық куәлік негізінде автоматты түрде тіркеледі және қайтыс болған адамның туыстары «электрондық үкімет» порталы арқылы қайтыс болу туралы хабарлама алуына мүмкіндік бар және қайтыс болу туралы куәлікті алудың қажеттілігі жоқ.