ЭЦҚ кілтін қайта шығару.

ЭЦҚ кілтін қайта шығару.

ЭЦҚ қолданылу мерзімі шығарылған күнінен бастап 1 жылды құрайды. Осы мерзім аяқталғанға дейін ЭЦҚ кілтін қайта шығаруға болады.

ЭЦҚ-ны онлайн режимде қайта шығару өте оңай. Қызметті рәсімдеу уақыты 5 минуттан аспайды. Ол үшін:

  • pki.gov.kz сайтына өтіп, «Жеке кабинетті» таңдаңыз;
  • қолданыстағы ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өтіңіз;
  • «ЭЦҚ алу» батырмасын басып, қол қою үшін өз кілтіңізді көрсетіп, «Сақтау» батырмасын басыңыз;
  • пайдаланушы келісімімен танысып, электрондық поштаңыз бен елді мекенді көрсетіңіз. Осы бетте жаңа ЭЦҚ сақтауға арналған орынды көрсетіңіз;
  • «Өтінім беру» батырмасын басып, қолданыстағы ЭЦҚ-мен қол қойыңыз;
  • «Өтінім бойынша тіркеу куәліктері шығарылды» мәртебесі көрсетілетін бетті жаңартып, «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.

Осымен жаңа электрондық қолтаңбаны алу процесі аяқталады.

Дата публикации
09 ноября 2022