Тараз қаласы бойынша 17088 мүгедектігі бар адамдар тіркелген. Оның ішінде 13500 адамның сайлау құқығы бар.
2022 жылғы 20 қарашадағы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына ерекше жағдайды қажет ететін 767 адам қатысады. Оның ішінде:
- тірек қимыл аппараты бұзылғандар -332,
- көзі нашар көретіндер -183,
- есту қабілеті нашарлар-252 адам.
Мүгедектігі бар адамдар тиісті сайлау учаскесінің номері мен орналасан жерін анықтау үшін Call-орталығында 451771, 454814 телефондары жұмыс істеуде. Сайлау күні бөлімнен қосымша Call-орталығында екі маман кезекшілік етеді.
Жоғарыдағы санаттағы азаматтарға сайлау күні 4 «Инватакси» қызмет көрсетеді.
Инватакси қызметін пайдаланатындар бойынша арнайы кесте дайындалып, жауапты мамандар мен жүргізушілер бекітілді.
Бүгінгі күнге 47 адам (тірек-қимыл аппараты бұзылғандар - 29 адам, көзі нашар көретіндер - 18 адам) сұраныс берді. Одан өзге сайлау күні көлік қызметін талап ететін мүгедектерге қызмет көрсетіледі. Ол туралы әлеуметтік желіге хабарландыру берілді.
Мүгедектігі бар адамдардың сайлау учаскелеріне қолжетімдігін анықтау мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілген. Сайлау учаскелерінің басым бөлігі білім беру мекемелерінде орналасқандықтан қолжетімділік қамтамасыз етілгенін атап өту керек. Зерделеу нәтижесінде 107 сайлау учаскесінің 98-нің кіреберістеріне тактильді жолақтар орнатылған, 11 сайлау учаскесіне қосымша пандустар орнатылды.
Барлық 125 сайлау учаскесіне бюджет есебінен көздері нашар көретіндер үшін Брайль әрпімен сайлау учаскелерінің атауы жазылған бірыңғай тақтайшалар, есікке сары белгі, баспалдақтарға жарыққа шағылатын сары жолақтар, кабиналарға ілінетін мүгедектігі бар адамдардың белгілері таратылды.
Дауыс беру орындарына мүгедектігі бар адамдарды екінші қабатқа көтеру үшін 2 көтергіш (подъемник) дайындалды.
Сайлау күні есту қабілеті нашар сайлаушыларға дауыс беруге қатысатын сайлау учаскелерінде 14 сурдоаудармашы онлайн қызмет көрсетеді.